Қазіргі уақытта республика бойынша ұзындығы 2,2 мың шақырым автожолдардың 11 ақылы учаскесі жұмыс істейді, олар 2013-2021 жылдар аралығында кезең-кезеңімен енгізілді.
Анықтамаүшін:
2013 жылы - «Астана-Щучинск» (211шқ.);
2019 жылы - «Астана-Теміртау», «Алматы - Қонаев», «Алматы - Қорғас» (682шқ.);
2021 жылы - «Астана-Павлодар», «Қонаев - Талдықорған», «Тараз - Қайнар», «Шымкент - Қызылорда», «Шымкент - Тараз», «Шымкент - Ташкент», «Щучинск - Көкшетау» (1 479щқ.).
2022 жылдың қорытындысы бойынша алымдар сомасы шамамен 25 млрд.теңгені құрады.
Анықтама үшін:
- ақылы учаскелерді жөндеуге және ұстауға-7,5 млрд. теңге;
- бағдарламалық-аппараттық кешенді ұстауға - 5,2 млрд. теңге;
- ақы алу жүйесі үшін жол-пайда лану техникасы мен жабдықтарын сатып алуға-6,5 млрд. теңге;
- қосылған құн салығы және корпоративтік табыс салығы - 2 млрд. теңге;
- басқа шығыстарға-3 млрд. теңге (инвестордың операциялық шығыстары бойынша резерв – 1,7 млрд. теңге және дебиторлық берешек бойынша резерв (пайдаланушылар) – 1,3 млрд);
- республикалық бюджетке аударылды-256 млн.теңге.
2022 жылдың қорытындысы бойынша жаңа ақылы учаскелер енгізілмеді.