«Атырау-Астрахань» автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Жалпы ұзындығы 217 шақырым құрайтын «Атырау-Астрахань» автомобиль жолын реконструкциялау 2018 жылдың соңында республикалық бюджет қаражаты және ХҚИ қарыздары есебінен басталып «Лянкяран жол Тикинти», «TodiniCostruzioni Generali S. p.a», «Ant Insaat Maden Sanayi A. S», және «Сине Мидас Строй» компаниялары тартылған. Қозғалыс 80 шақырым бойы жаңа жабын бойынша ашылды, учаске бойынша жұмыстарды аяқтау ағымдағы жылы жоспарланған.