Объектілерді жоспарлы тексеруді қалай және кімдер құрады?
Жоспарлы тексеру ерекше бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) жартыжылдық тізіміне негізделіп жүргізіледі. Бұл тізімді санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері тәуекел деңгейін бағалау критерийлеріне сәйкес, ерекше бақылау және қадағалау субъектілерінен (объектілерінен) реестрге енгізілгендерін таңдап құрады. Құрылатын тізім ақпараттық жүйеде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесінде қалыптасады және Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің интернет-ресурсында жарияланады.