Тәуелсіз бағалаушылар Жекешелендіру объектілерін бағалауды қалай жүргізеді?

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті

    Сұрақ

    Тәуелсіз бағалаушылар Жекешелендіру объектілерін бағалауды қалай жүргізеді?

    Жауап

    «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 100-1-бабына сәйкес баланстық құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 500 000 еселенген мөлшерінен асатын Жекешелендіру объектілерін бағалауды халықаралық бағалау стандарттарына сәйкес тәуелсіз консультанттар жүзеге асырады.

    Баланстық құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 500 000 еселенген мөлшерінен кем болатын Жекешелендіру объектілерін бағалау Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

    Тәуелсіз консультантты тарту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 маусымдағы №382 қаулысымен бекітілген тәуелсіз консультантты тарту қағидаларында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

    Жекешелендіру объектілерін бағалау үшін көрсетілетін қызметтерді берушіні (бағалаушыны) таңдау «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес конкурс өткізу арқылы жүзеге асырылады

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңда және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларында белгіленген рәсімнен тыс АҚ (акциялар пакетінің жалғыз акционері Қазақстан Республикасы немесе жергілікті атқарушы органдар болып табылатын) мүлкін сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендерді өткізу заңды ма?

    Жауап

    «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңның 3 – бабына сәйкес өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам (бұдан әрі – Қоғам) деп танылады. Қоғамның өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлкі болады және олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының міндеттемелерін қоспағанда, қоғам өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауаптылықта болады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 33 – бабының 1-тармағына сәйкес меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Осылайша, Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасына, қоғамның жарғысына және ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес АҚ тиісті органдарының құзыреті шегінде өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлікке дербес билік ете алады. Басқаша айтқанда, АҚ мүлкі мемлекеттік емес. Республикалық (коммуналдық) мемлекеттік меншікте осы АҚ мүлкі емес, АҚ акцияларының пакеті ғана болады. Бұл ретте, мемлекеттік мүлік туралы заңнама, оның ішінде Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидалары тек мемлекеттік мүлікке ғана қолданылады.

    Сұрақ

    Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның (бұдан әрі - РМҚК) сыйақы алу үшін екінші деңгейдегі банктердің депозиттеріне ақшалай қаражатты уақытша орналастыруға құқығы бар ма?

    Жауап

    Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың және акцияларының (үлестерінің) бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұйымдардың қаржылық қызметтерді сатып алу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұйымдардың қаржылық көрсетілетін қызметтерді сатып алуының кейбір мәселелері туралы» 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 960 қаулысымен (бұдан әрі-№960 қаулы) реттелген. №960 қаулының 1- тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiн қоспағанда, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттік басқару органдары болып табылатын және табиғи монополиялар субъектiлерiн, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамын және пруденциалдық нормативтер мен активтерді әртараптандыру дәрежесіне қойылатын талаптарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген қаржы ұйымдарын қоспағанда, акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi ұйымдар (бұдан әрi – Ұйымдар) акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) бақылау пакеттерiне иелiк ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар Ұйымдардың өз иелігiндегі уақытша бос ақшаны қаржы құралдарына, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің депозиттеріне орналастыруын қамтамасыз ету ұсынылды. Осылайша, №960 қаулы мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарға қолданылмайды.

    Сұрақ

    Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталындағы электрондық әмиянның мақсаты қандай?

    Жауап

    Электрондық әмиян - бұл жеке кабинет аукциондарға қатысу үшін кепілдік жарналарды қабылдауды және қайтаруды қамтамасыз ететін, екінші деңгейдегі банктегі бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына қатысушы салған қаражатты есепке алу үшін бірыңғай оператор пайдаланатын мемлекеттік мүлік тізіліміне қатысушы

    Сұрақ

    Мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің әкімшілік шығыстарын шектеуге қатысты Қазақстан Республикасы заңнамаларының кейбір нормаларын қолдану жөнінде?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, акционерлік қоғамдар акцияларының бақылау пакеттеріне, мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі мемлекеттік қатысу үлестеріне иелік ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын және/немесе мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органдары болып табылатын мемлекеттік органдар кәрсетілген ұйымдардың даму жоспарларын қараған кезде кейбір әкімшілік шығыстар түрлерінің лимиттерін жыл сайын белгілеуі тиіс. Осыған байланысты, аталған қаулы тікелей әрекет ететін ұйымдар қаулымен белгіленген нормаларды ұстануы тиіс.

    Сұрақ

    Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мүлкінің меншік нысаны туралы түсініктеме беру туралы?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 33-бабының 1-тармағына сәйкес өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейтiн (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретiнде пайда келтiре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңының 2-бабының 1-тармағына сәйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Осыған орай, Серіктестік меншігіндегі мүлік мемлекеттік мүлікке жатпайды.

    Сұрақ

    Шығыстарды өтеу ұғымы және қандай шығыстар кейiннен сатып алу құқығымен мүлікті сенiмгерлік басқару кезінде өтеледі?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №17 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларының 3.2-тармағына сәйкес сенiмгерлiк басқарушының мүлiктi сенiмгерлiк басқару кезiнде шығыстарын өтеу кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілген объектілер бойынша сеніп берілген мүлікті пайдаланудан түскен кірістер есебінен жүзеге асырылады. Сенімгерлік мүлікті пайдаланудан түскен кірістер есебінен қайтаруға болжанатын шығыстардың ұғымы мен мазмұны аталған объектілерді сенімгерлік басқару шарттарын жасасу кезінде ескерілуі тиіс.

    Сұрақ

    Мемлекеттің бақылау қатысуы бар мемлекеттік мүлікті акционерлік қоғамға (жауапкершілігі шектеулі серіктестікке) сенімгерлік басқаруға беру мүмкін бе? Қандай мәселелер ескерілуі қажет?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы заңнамасымен акционерлік қоғамға (жауапкершілігі шектеулі серіктестікке) мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерлерге қатысу тыйым салынбайды. Алайда, мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерлерге қатысу кезінде, берілетін объектінің ерекшелігін ескере отырып, акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) жүзеге асырылатын қызмет түрлерін кеңейтуді және (немесе) өзгертуді жоққа шығарылмайтынын атап өткен жөн. Бұдан басқа, мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың қызметі, әдетте, мемлекеттік міндеттерді іске асырумен байланысты және оның ішінде тиісті бюджет қаражатынан қаржыландырылатынын ескере отырып, акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендерлерге қатысуын қабылдау туралы шешім сенімгерлік басқаруға байланысты ықтимал қаржылық міндеттемелерді қабылдау ескеріле отырып қабылдануға тиіс.

    Сұрақ

    Қандай нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес МКҚК (ШЖҚ МКК) балансында есептелген кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқарудағы мүлік (негізгі құралдар) есептен шығарылады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 615 қаулысымен бекітілген Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидаларының 13-тармағына сәйкес мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкін есептен шығару оларды басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органдарымен (тиісті жергілікті атқарушы органдармен) келісім бойынша жүзеге асырылады. Осылайша, МКҚК (ШЖҚ МКК) балансында бекітілген мүлікті есептен шығару тиісті жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша МКҚК (ШЖҚ МКК) Комиссиясы жүзеге асырады, бұл ретте, сенімгерлік басқару шартына өзгерістер енгізу немесе бұзу арқылы мүлікті алдын ала сенімгерлік басқарудан шығару қажет.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.