Компания банктік шоттан үзінді көшірме, селфи, жеке куәлік беруді талап етіп, менің платформамдағы шотымнан ақша төлеу процесін әдейі кешіктіреді.
«Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 13-тармағына сәйкес ойын бизнесін ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға міндетті. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ойын бизнесін ұйымдастырушылар, оның ішінде букмекерлік кеңселер қаржы мониторингі субъектілеріне жатады. Осы Заңның 5-бабына сәйкес қаржы мониторингі субъектілері өз клиенттерін (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісті тексеру жөнінде шаралар қабылдауы тиіс. Қаржы мониторингі субъектілері клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін: 1) клиентпен іскерлік қатынастар орнатылған; 2) қаржылық мониторингке жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды, оның ішінде күдікті операцияларды жүзеге асырған жағдайларда тиісті тексеруді жүзеге асырады. Осыған байланысты, букмекерлік кеңсенің өз клиенттерінің жеке басын сәйкестендіру жөніндегі әрекеттері Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың талаптарымен негізделген.