Кәсіпорын халыққа сатылған сұйытылған газ көлемін растау үшін қандай құжаттарды қолдануы керек?
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 9 қазандағы № 358 бұйрығымен бекітілген сұйытылған мұнай газдың көлемін нақты өткізу туралы ақпаратты растау үшін тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде бөлінген СМГ-ны бөлу қағидаларының 41-тармағына сәйкес мыналар ұсынылады: - қатарынан үш күнтізбелік айдағы СМГ бойынша сатылымдар туралы ақпарат; - СМГ сатып алу көлемін растайтын құжаттардың көшірмелері (жеткізу шарттарын, электрондық шот-фактураларды, электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде тіркеу нөмірлері бар тауарға ілеспе жүкқұжаттарын, қорларды басқа жаққа босатуға арналған жүкқұжаттарды, тауар-көлік немесе теміржол жүкқұжаттарын, сондай-ақ «Бақылау-кассалық машиналарды пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығымен бекітілген деректерді есепке алу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының тіркеу карточкаларының көшірмелері; - мемлекеттік кірістер органының салық есептілігін қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы электрондық форматтағы хабарламаның көшірмесі; - бақылау-касса машиналарының тәуліктік есептерінің (Z-есептерінің) көшірмелері.