Ашық және жабық түрлеріндегі қоғамдық тыңдаулар қандай жағдайда жүзеге асырылады?

    Ақтөбе облысының әкімдігі

    Сұрақ

    Ашық және жабық түрлеріндегі қоғамдық тыңдаулар қандай жағдайда жүзеге асырылады?

    Жауап

    Қоғамдық тыңдаулар – бұл азаматтардың экология мен тұрақты даму мәселелері бойынша мемлекеттік шешімдерге қатысу мүмкіндігі. Олар ашық жиналыстар немесе онлайн жария талқылаулар түрінде өтеді.

    Қоғамдық тыңдаулар Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 3 тамыздағы № 286 бұйрығымен бекітілген қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.

    Ашық жиналыс түріндегі қоғамдық тыңдаулар келесі жағдайларда өтеді.

    Жоспарланған іс-әрекет бірнеше өңірге әсер етсе: Әр облыс, қала, аудан немесе ауылда жеке тыңдау өтеді.

    Егер жоспарланған іс-әрекет елді мекендерге тікелей әсер етпесе, тыңдаулар сол ауданға ең жақын елді мекенде өткізіледі.

    Жоспарланған іс-әрекеттің бастамашысы қоғамдық тыңдаулар туралы хабарландыруды:

    -Газетте, телеарнада немесе радиода жариялап, барлық тиісті өңірлерге таратуы керек.

    -Қоғамдық орындарға (мысалы, халық көп жиналатын жерлерге) іліп қоюы қажет.

    -Хабарландыруда жоба атауы, тыңдау уақыты мен орны, сондай-ақ ақпараттық жүйеге сілтеме көрсетілуі тиіс.

    Қосымша рұқсат етілген басқа да тәсілдермен хабар таратуы мүмкін.

    Қоғамдық тыңдауларды жергілікті әкімдік немесе әкім аппаратының төрағалығымен өткізіледі және сол аумақта ұйымдастырылады.

    Жиналысты төраға ашып, ережелерді түсіндіреді. Хатшы қатысушылардың дауысымен сайланады.Қатысушылар өз ұсыныстары мен ескертулерін регламентке сай айтады.Барлық пікірлер хаттамаға жазылады. Тақырыпқа қатысы жоқ пікірлер бөлек белгіленеді.Тыңдаулар аяқталған соң, хатшы хаттаманы дайындайды.Екі жұмыс күні ішінде хаттамаға төраға мен хатшы қол қояды.

    Жария талқылау түріндегі қоғамдық тыңдаулар келесі жағдайларда өтеді.

    Бастамашы тыңдаулардан кемінде 5 жұмыс күні бұрын қазақ және орыс тілдерінде хабарландыру жариялайды.

    Хабарландыру газетте, телеарнада, радиода және халық көп жүретін жерлерде ілінеді.

    Онда бастамашының аты, жоба атауы, тыңдаудың уақыты, орны және ақпараттық жүйеге сілтеме болуы керек.

    Ескертпелер мен ұсыныстар тыңдаудың соңғы күні 18:00-ге дейін қабылданады.

    Тақырыпқа қатысы жоқ пікірлер арнайы белгімен бөлек тіркеледі.

    Экология органының ұйымы барлық ұсыныстарды бір күн ішінде ақпараттық жүйеге енгізеді.

    Тыңдау кезінде бастамашы түскен ұсыныстарға жауап береді.

    Тыңдаудан кейін 2 жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы орган өкілі хаттаманы рәсімдеп, электронды қолтаңбамен бекітеді.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Аудандық мәдениет үйлерінде, клубтарда белгілі бір әртістің концертін ұйымдастыру үшін не істеу қажет?

    Жауап

    Продюсері немесе өкілі концерт өткізуге рұқсат алу мақсатында облыстық мәдениет басқармасына хат жолдауы тиіс. Хатта концерт бағдарламасы, репертуар, өткізу күні мен уақыты, сондай-ақ жоспарланған маршруттар нақты көрсетілуі қажет. Әншінің репертуары мен орындағалы отырған әндерінің мазмұны ҚР «Мәдениет туралы» Заңына сәйкес сараланып, келісімшарт жасау барысында барлық талаптар ескеріледі. Осыған байланысты аудандық мәдениет бөлімдеріне тиісті қарастыру үшін ресми хат жіберіледі. Қосымша рұқсаттар мен келісімдерді алу мақсатында аудан әкімдігімен, ішкі саясат және мәдениет бөлімдерімен келісу қажет. Қажет болған жағдайда концерт барысында қоғамдық тәртіп, өрт қауіпсіздігі және медициналық қызмет көрсету мәселелері полиция, төтенше жағдайлар және денсаулық сақтау органдарымен бірлесе ұйымдастырылады.

    Сұрақ

    Архивтен анықтаманы қалай алуға болады?

    Жауап

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына не "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүгінеді. 11 (он бір) жұмыс күні ішінде. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін екі және одан да көп ұйымдардың және (немесе) 5 (бес) жылдан астам кезеңнің құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайда, жауапты орындаушы қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімінің 25 (жиырма бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылғандығы туралы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді. Құжаттар (мәліметтер) мемлекеттік сақтауда болмаған жағдайда жауапты орындаушы құжаттар түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіде сұратылған құжаттардың (мәліметтердің) мемлекеттік сақтауда жоқ екендігі туралы немесе сұранымды тиесілігі бойынша басқа мемлекеттік немесе ведомстволық архивке жолданғандығы туралы жауап дайындайды. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі әлеуметтік-құқықтық сипаттағы мәліметтерді растау жөніндегі архивтік анықтама, архивтік құжаттың көшірмесі немесе архивтік үзінді, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушіде сұратылған құжаттардың (мәліметтердің) мемлекеттік сақтауда жоқтығы, сұрау салуды тиесілігі бойынша басқа мемлекеттік немесе ведомстволық архивке жіберу туралы жауаптар не қағаз/электрондық түрдегі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

    Сұрақ

    Ескерткіштерді орнату ұсыныстары

    Жауап

    Монументтік өнер құрылыстарын немесе ескерткіштерді орнату ұсыныстары - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі «Монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидаларын бекіту туралы» №103 бұйрығы (әрі қарай - бұйрық) негізінде жүзеге асырылады. Аталған бұйрыққа сәйкес монументтік өнер құрылыстарын орнату «Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі №1465 қаулысымен айқындалған көрнекті тұлғалардың мерейтойлық және атаулы күндеріне, маңызды тарихи оқиғаларға орайластырылады. Мерейтойлар алғашқы жүз жылдықта - жүз жылдығы, одан кейiнгi жүзжылдықтарда әрбiр жиырма бес жылда аталып өтiледi. Мерейтой аясындағы ұсыныстар облыстық комиссияда қаралып, жинақталған құжаттар (ескерткіштің қаражаты, жер учаскесін бөлу туралы шешімі, облыстық комиссия хаттамасы) республикалық комиссияға жолданады. Республикалық комиссия ұсынысты қарап, Арнайы жоспарға енгізеді. Бұл жұмыстар ескерткішті орнату жоспарланып отырған жылдың алдыңғы жылында жүргізіледі. Яғни, 2026 жылы мерейтойы аясында ескерткіш орнатылуы жоспарланса, ұсыныс министрлікке 2025 жылдың 1 қарашасына дейін жолданады. Арнайы жоспарға енгізілгеннен кейін мүсіншілер арасында құрылыстың үздік жұмыс жобаларына республикалық конкурс жарияланады. Конкурсқа ұсынылған жобалар облыстық комиссияда қаралып, республикалық комиссияда мақұлданады.

    Сұрақ

    Музей ашу жөнінде

    Жауап

    Музей ашу жұмыстары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің «Мәдениет ұйымдары желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтерін және облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың, селолық деңгейлердегі мемлекеттік мәдениет ұйымдарының үлгілік штаттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 31 наурыздағы №121 бұйрығына (әрі қарай -Бұйрық) сәйкес жүргізіледі. Бұйрықта мәдениет ұйымдары желілерінің ең төменгі мемлекеттік нормативтері бойынша «мұражайлар- мәдени-демалыс орындарында жауынгерлік және еңбектік даңқтар бөлмесі, қоғамдық бастамамен құрылған мұражай ұйымдаса алады, халық саны 5000 адамнан кем емес болғанда және экспонаттардың 1000 дана (негізгі қорда) болған жағдайда ашуға болады», деп көрсетілген. Осы талаптарға сәйкес келген жағдайда музей ашу мәселесі қарастырылады.

    Сұрақ

    Кең таралған пайдалы қазбаларды (КТПҚ) өндіруге лицензия алғымыз келеді? Кімге жүгіну керек және қандай құжаттар қажет?

    Жауап

    КТПҚ өндіруге лицензия Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына (МЖҚҚББ) енгізілген кен орындары бойынша беріледі. Кен орнын МЖҚҚББ-на қосу үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне (ҚР ИИДМ) өтініш беріледі. МЖҚҚББ ҚР ИИДМ сайтында орналастырылған. Кен орны МЖҚҚББ-на енгізілгеннен кейін өндіруге лицензия беруге Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасына (ИИДБ) өтініш беріледі. Өтініш белгіленген нысан бойынша беріледі және өтініш беруші туралы мәліметтерді, координаттары мен алаңы бар кен орнының сипаттамасын және лицензия мерзімін қамтуға тиіс. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: 1) өтініш беруші туралы мәліметтерді растайтын құжаттар; 2) картограмма, шолу схемасы, топоплан; 3) тау-кен жұмыстары жоспарының жобасы; 4) жою жоспарының жобасы; 5) КТПҚ ресурстары мен қорларын бағалау туралы есеп; 6) сұратылып отырған жер қойнауы учаскесінде (оның бір бөлігінде) КСШ өндіретін жер қойнауын пайдаланушының келісімі; 7) өтініш берушіде салық берешегінің жоқтығы туралы салық органының анықтамасы (10 күн бұрын); 8) өтінім берілген жер қойнауы учаскесінде ҚПҚ ресурстарының жоқтығын растайтын «Батысқазжерқойнауы» Геология департаментінің қорытындысы. Анықтама: Өтініш «Батысқазжерқойнауы» Геология департаментінде келісуден өтеді. Бұдан әрі өтініш беруші жобалау құжаттарын келіседі. Тау-кен жұмыстарының жоспары Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен және Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментімен келісіледі. Жою жоспарына өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы (аттестатталған ұйымдар), ал ол жүргізілгеннен кейін – Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізілуге тиіс. Өндіруге арналған лицензия жоғарыда көрсетілген келісімдердің оң қорытындылары мен мемлекеттік сараптамалар ұсынылғаннан кейін беріледі.

    Сұрақ

    Алтын өндіру үшін кен іздеушілік жұмыстарына рұқсат алуға болатынын естідік. Оларға қалай рұқсат алуға болады?

    Жауап

    кен іздеушілік жұмыстары құм мен топырақты жуу жөніндегі жұмыстарды, сондай-ақ өзге де байланысты жұмыстарды қоса алғанда, қолмен немесе механикаландыру құралдарын және қуаты аз өзге де жабдықтарды қолдана отырып жүзеге асырылатын, шашыранды кен орындарында және техногендік сипаттағы кен орындарында бағалы металдар мен асыл тастарды кен іздеушілікпен өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуді көздейді. Кен іздеушілікке лицензия алуға мүдделі тұлға облыстың индустриялық-инновациялық даму басқармасына бекітілген нысан бойынша жазбаша бойынша өтініш береді. Өтінішке қоса жалғанады: - өтініш беруші туралы мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері; - кен іздеушілік салдарын жою бойынша міндеттеменің орындалуын растайтын құжаттың көшірмесі; - өтініш берушінің атынан әрекет ететін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат; - өтінім беруші бекіткен және кен іздеушілік кезінде пайдалану жоспарланып отырған механикаландыру құралдары мен жабдықтардың тізбесін, сондай-ақ кен іздеушілік жөніндегі жұмыстардың түрлері мен тәсілдерінің сипаттамасын қамтитын құжат; - жер пайдаланушының немесе жер учаскесінің жеке меншік иесінің, сондай-ақ аумағында өтініш берілетін жер қойнауы учаскесін пайдаланушының келісімі; - кен іздеушілік жоспары. Өтінішті қарау мерзімі - 7 жұмыс күні. Өтініш жер қойнауын пайдалану жөніндегі заңнаманың талаптарына сәйкес келген жағдайда өтініш берушіге кен іздеушілікке лицензия беріледі. Кен іздеушілік үшін аумақтарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарымен, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша облыстардың жергілікті атқарушы органдары айқындалады.

    Сұрақ

    «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағында қандай жеңілдіктер мен преференциялар қарастырылған?

    Жауап

    АЭА режимі шеңберінде әлеуетті инвесторлар үшін мынадай жеңілдіктер мен преференциялар көзделген: Корпоративтік табыс салығынан босату; АЭА аумағына өткізілетін тауарларға «0» ҚҚС ставкасы; Жер және мүлік салығынан, жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақыдан босату; (инвестициялық жобаларды іске асыруға сараланған тәсіл шеңберінде преференциялар беру мерзімдері А санаты – жобаның құны АЕК мөлшерінен 3 млн есеге дейін (немесе 10 350 млн теңгеге дейін) , В санаты-жобаның құны АЕК мөлшерінен 3 млн еседен 14,5 млн есеге дейін (немесе 10 350 – ден 50 025 млн теңгеге дейін, С санаты-жобаның құны АЕК мөлшерінің 14,5 млн еселенген мөлшерінен (немесе 50 025 млн теңгеден) Қатысушылардың орналастыруына немесе пайдалануына арналған тауарларды кедендік баждардан босату; Квоталардан тыс және рұқсатсыз шетелдік жұмыс күшін тарту; 6. Жобаларды іске асыру үшін АЭА-да қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды құру және кейіннен сатып алудың басым құқығымен АЭА-ны фукнизациялаудың бүкіл кезеңіне жер учаскесін жалға беру.

    Сұрақ

    Индустриялық аймақта жобаларды жүзеге асыратын инвесторларға қандай артықшылықтар беріледі?

    Жауап

    Индустриялық аймақтағы инвесторларға келесі артықшылықтар ұсынылады: -Индустриялық аймақтың жұмыс істеу мерзімі ішінде жер телімін жалға беру және кейіннен сатып алу құқығымен қамтамасыз ету; -Жобаларды іске асыру үшін қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды индустриялық аймақ аумағында салу; -Салалық шектеулердің болмауы; -Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі болып табылатын Уәкілетті органмен инвестициялық келісімшарт жасасу мүмкіндігі; -Басқарушы компаниялар үшін мүлік салығынан және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемнен 100% босатылу

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.