Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін субсидияланатын жұмыс орындарының қандай түрлері бар?
Жұмыссыз тұлғаны жұмысқа орналастыру мақсатында субсидияланатын келесі жұмыс орындары ұйымдастырылады: Жасы 35 жасқа дейінгі жұмыссыз жастарға «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары, жасы 50-ден асқан жұмыссыздарға «Күміс жас» жобасы, жұмыссыз азаматарға «Қоғамдық жұмыстар», «Әлеуметтік жұмыс орындары» жобасы бар. Субсидияланатын жұмыс орындарына қатысу үшін мекенжайы бойынша Мансап орталығына жүгіне алады немесе «Электрондық еңбек биржасы порталына» онлайн түрде өтінім беруге болады.