Жетісу облысының әкімдігі

    Әкімдік туралы

    Жетісу облысы Қазақстан Республикасының Оңтүстік-Шығысында орналасқан. Облыс аумағы 11 млн 846 мың га (118 мың шаршы км), халқы - 699,1 мың адам құрайды.

    Облыс орталығы - Талдықорған қаласы. Жетісу облысының құрамына Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандары, Талдықорған, Текелі қалалары кіреді.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    «Ашық диалог» порталында сауалнама жүргізу анонсы

    Құрметті азаматтар! «Ашық диалог» порталында маңызды мәселелер бойынша сіздердің пікірлеріңізді білу мақсатында «Азаматтардың медициналық қызмет сапасына қанағаттануын, салауатты өмір салтын сақтау деңгейін анықтау және МӘМС жүйесіндегі өзгерістер туралы ақпараттандыру» туралы жаңа сауалнама басталады. 📅 Сауалнама өткізу мерзімі: 03.06.2026 ж. – 13.06.2026 ж.. 🕐 Қатысу уақыты: тәулік бойы қолжетімді 🌐 Сауалнамаға сілтеме: https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=7075 Сіздердің пікірлеріңіз жұмысымызды ашық әрі тиімді етуге көмектеседі. Сауалнамаға порталдың барлық тіркелген пайдаланушылары қатыса алады. Өз үлестеріңізді қосып, өңіріміздің дамуына атсалысыңыздар! Сіздердің белсенділіктеріңіз үшін алғыс айтамыз!

    3 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    «Азаматтардың медициналық қызмет сапасына қанағаттануын, салауатты өмір салтын сақтау деңгейін анықтау және МӘМС жүйесіндегі өзгерістер туралы ақпараттандыру» тақырыбындағы интернет-конференция

    «Азаматтардың медициналық қызмет сапасына қанағаттануын, салауатты өмір салтын сақтау деңгейін анықтау және МӘМС жүйесіндегі өзгерістер туралы ақпараттандыру» тақырыбындағы интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері жауап береді. Интернет-конференцияға мына сілтеме бойынша қатыса аласыз: https://dialog.egov.kz/conference/5711

    3 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарландыру

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес «Жетісу облысы әкімінің аппараты» ММ 2026 жылғы 4-29 мамыр аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне келесі бағыттар бойынша талдау жүргізу жоспарлануда: 1) мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; 2) мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ұсыныстар болған жағдайда келесі телефондарға хабарласа аласыз: Жампейісова Эльвира Дарханқызы, 8 7282 40-26-06, 87078266717.

    4 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау күні туралы хабарландыру

    2026 жылғы 22 мамыр сағат 10:00-де Жетісу облысы Талдықорған қаласы Н.Назарбаев көшесі, 38, мекен-жайында (613 кабинет) «Жетісу облысы әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау өтеді. Анонс сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін талқылау бойынша жұртшылықты хабардар ету үшін жүргізіледі. Сұрақтар бойынша келесі нөмірге хабарласа аласыз: 8-7282 40-26-06.

    22 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    «Ашық диалог» порталында сауалнама жүргізу анонсы

    Құрметті азаматтар! «Ашық диалог» порталында маңызды мәселелер бойынша сіздердің пікірлеріңізді білу мақсатында ««Әлеуметтік әмиян» арқылы Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» туралы жаңа сауалнама басталады. 📅 Сауалнама өткізу мерзімі: 05.05.2026 ж. – 13.05.2026 ж.. 🕐 Қатысу уақыты: тәулік бойы қолжетімді 🌐 Сауалнамаға сілтеме: https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=7035 Сіздердің пікірлеріңіз жұмысымызды ашық әрі тиімді етуге көмектеседі. Сауалнамаға порталдың барлық тіркелген пайдаланушылары қатыса алады. Өз үлестеріңізді қосып, өңіріміздің дамуына атсалысыңыздар! Сіздердің белсенділіктеріңіз үшін алғыс айтамыз!

    5 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Eurasian Construction Technology Astana 2026 – құрылыс индустриясының халықаралық алаңы

    2026 жылғы 5–7 мамыр аралығында Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында Eurasian Construction Technology Astana 2026 – құрылыс техникасы мен жабдықтарының халықаралық көрмесі өтеді. Көрме құрылыс саласының жетекші мамандарын, жабдық жеткізушілерін және негізгі тапсырыс берушілерді бір алаңға жинайды. Comtrux Astana 2026 көрмесімен қатар өтуі көлік және құрылыс индустриясы мамандарының өзара іс-қимылы үшін бірегей мүмкіндіктер қалыптастырады, соның ішінде логистика, құрылыс және техникалық қызмет көрсетуге арналған шешімдерді қамтиды. Көрмеде мынадай бағыттар ұсынылады: жол-құрылыс техникасы, жүк техникасы, құбыржол құрылысы, тұрғын үй құрылысына арналған шешімдер, қойма техникасы, құрал-саймандар, сервистік қызмет көрсету, жалға беру және қаржылық қызметтер. Қатысушылар қатарында құрылыс компанияларының басшылары мен мамандары, техника өндірушілері мен жеткізушілері, инновациялық шешімдерді әзірлеушілер, қаржы және лизинг ұйымдары, мемлекеттік құрылымдар мен салалық қауымдастықтардың өкілдері болады. Eurasian Construction Technology Astana – бизнеске арналған мүмкіндіктер кеңістігі, ол өңірдегі ең ірі әрі өршіл кәсіби алаңдардың бірінде өнімдер мен қызметтерді таныстыруға мүмкіндік береді. ECT Astana көрмесіне қатысуға арналған тегін билетті мына сілтеме арқылы алыңыз: https://exhibition.techno-light.kz/event.php?id=42&utm_source=akimatjetisu&utm_medium=akimatjetisu&utm_campaign=akimatjetisu Анықтама Messe Frankfurt — тарихы 800 жылдан асатын, әлемдегі ең ірі көрме компанияларының бірі. Компанияның 28 еншілес ұйымнан тұратын желісі және әлем бойынша 50-ден астам өкілдігі бар. Компания 150-ден астам көрме брендін қамтиды, олардың қатарында Automechanika, Light + Building, Heimtextil, Ambiente және басқа да көптеген жобалар бар. BMCA — Орталық Азиядағы Messe Frankfurt-тың ресми өкілі әрі Қазақстан мен Өзбекстандағы халықаралық көрмелердің жетекші ұйымдастырушысы. Компания жыл сайын 20-дан астам халықаралық жобаны өткізіп, жүздеген компания мен ондаған мың салалық маманды бір алаңға біріктіреді. Дина Суинова, Негізгі клиенттермен жұмыс бойынша менеджері +7(717) 264 22 10 (ішкі 203) [email protected] Әділжан Каримов, PR/GR менеджері Тел.: +7 771 988 1200 E-mail: [email protected]

    5 мамыр 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін субсидияланатын жұмыс орындарының қандай түрлері бар?

    Жауап

    Жұмыссыз тұлғаны жұмысқа орналастыру мақсатында субсидияланатын келесі жұмыс орындары ұйымдастырылады: Жасы 35 жасқа дейінгі жұмыссыз жастарға «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары, жасы 50-ден асқан жұмыссыздарға «Күміс жас» жобасы, жұмыссыз азаматарға «Қоғамдық жұмыстар», «Әлеуметтік жұмыс орындары» жобасы бар. Субсидияланатын жұмыс орындарына қатысу үшін мекенжайы бойынша Мансап орталығына жүгіне алады немесе «Электрондық еңбек биржасы порталына» онлайн түрде өтінім беруге болады.

    Сұрақ

    Су беру қызметін субсидиялауға өтінім беру мерзімдері қандай?

    Жауап

    Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларына сәйкес өтінімдерді қабылдау жер учаскесінің орналасуына байланысты әр жылдың 1 мамырынан бастап 30 қарашасына дейін жүзеге асырылады.

    Сұрақ

    Газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсету жұмыстарын қандай ұйымдар жүргізеді?

    Жауап

    Газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсету жұмыстарын осы салада арнайы дайындықтан өткен және тиісті рұқсаты бар ұйымдар ғана жүргізеді. Мұндай ұйымдар туралы ақпаратты «Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасынан немесе оның жергілікті бөлімдерінен біле аласыздар.

    Сұрақ

    «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы бойынша қандай көмек көрсетіледі?

    Жауап

    «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы бойынша ауылға келген мамандарға екі түрлі көмек көрсетіледі: бір реттік көтерме жәрдемақы немесе тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит.

    Сұрақ

    Нысандарды салу үшін қандай құжаттар қажет?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 75 бұйрығымен бекітілген Құрылыс саласында құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту Қағидаларының 22-тармағына сәйкес құрылыс жөніндегі жобаларды іске асыру жер учаскесіне тиісті құқық негізінде және мынадай кезеңдерде жүзеге асырылады: 1) құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу (құрылыс үшін жер учаскесімен бірге бастапқы материалдарды беруден басқа); 2) эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу және келісу; 3) жобалау-сметалық құжаттамасын (бұдан әрі – жобалау) әзірлеу және құрылыс жобаларын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан (бұдан әрі – сараптама) өткізу; 4) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру; 5) салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру. Үшінші жауаптылық деңгейіндегі техникалық жағынан күрделі емес объектілердің құрылысы эскиз (эскиздік жоба) бойынша жүзеге асырылады. Үшінші жауаптылық деңгейіндегі техникалық жағынан күрделі емес объектілердің құрылыс жобасын әзірлеу, оның сараптамасы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау талап етілмейді.

    Сұрақ

    Тұрғын үйді тегін жекешелендіруге кім құқылы?

    Жауап

    Тегін жекешелендіру құқығына ие 11 санат бар, олар: - Ұлы Отан соғысының ардагерлері; - 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар; - саяси қуғын-сүргін құрбандары; - Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқандар; - ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтар; - Арал маңы өңіріндегі экологиялық апат салдарынан зардап шеккен азаматтар; - бұрынғы КСРО-ны қорғау кезінде жарақат, контузия немесе мертіккен салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер; - 20 жыл және одан көп қызмет өтілі бар әскери қызметшілер мен арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлері; - қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшінің, ішкі істер органдары мен арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің отбасы мүшелері; - ғарышкерлер мен ғарышкерлікке кандидаттар; - 20 жыл және одан көп қызмет өтілі бар ішкі істер органдарының қызметкерлері.

    Ақпарат

    «Жетісу облысы әкімінің аппараты» ММ-нің 2027-2029 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар паспорттары

    «Жетісу облысы әкімінің аппараты» ММ-нің 2027-2029 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар паспорттары

    Жетісу облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жұқпалы аурулардың алдын алу

    Жұқпалы аурулардың алдын алу

    Жетісу облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы қаңтар-мамыр айында негізгі капиталға салынған инвестициялар

    2026 жылғы қаңтар-мамыр айында негізгі капиталға салынған инвестициялар

    Жетісу облысының әкімдігіЖарияланды:
    Справка

    2026 жылдың қаңтар-мамыр айындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы анықтама

    202 6 жылдың қаңтар-мамыр айындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы анықтама

    Жетісу облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жетісу облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бақылау-қадағалау функцияларын орындау жұмыстары туралы ақпараты

    Жетісу облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бақылау-қадағалау функцияларын орындау жұмыстары туралы ақпараты

    Жетісу облысының әкімдігіЖарияланды:
    Перечень

    «Жетісу облысының туризм басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі

    «Жетісу облысының туризм басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі

    Жетісу облысының әкімдігіЖарияланды:
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.