Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 75 бұйрығымен бекітілген Құрылыс саласында құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту Қағидаларының 22-тармағына сәйкес құрылыс жөніндегі жобаларды іске асыру жер учаскесіне тиісті құқық негізінде және мынадай кезеңдерде жүзеге асырылады:
1) құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу (құрылыс үшін жер учаскесімен бірге бастапқы материалдарды беруден басқа);
2) эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу және келісу;
3) жобалау-сметалық құжаттамасын (бұдан әрі – жобалау) әзірлеу және құрылыс жобаларын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан (бұдан әрі – сараптама) өткізу;
4) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру;
5) салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру.
Үшінші жауаптылық деңгейіндегі техникалық жағынан күрделі емес объектілердің құрылысы эскиз (эскиздік жоба) бойынша жүзеге асырылады. Үшінші жауаптылық деңгейіндегі техникалық жағынан күрделі емес объектілердің құрылыс жобасын әзірлеу, оның сараптамасы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау талап етілмейді.