Халықаралық деңгейде азаматтардың қандай құқықтары қорғалады?

    Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

    Сұрақ

    Халықаралық деңгейде азаматтардың қандай құқықтары қорғалады?

    Жауап

    Халықаралық деңгейде адам құқықтары БҰҰ-ның Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында бекітілген. Онда шамамен 40 негізгі құқық пен бостандық айқындалған. Олар азаматтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени салаларды қамтып, адам қадір-қасиетін қорғаудың әмбебап негізін құрайды

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Неліктен елдің Негізгі заңында өлім жазасын жоюды бекіту маңызды болды?

    Жауап

    Қазіргі әлемде өлім жазасы адамның негізгі құқықтарына қайшы келетін жаза түрі ретінде қарастырылуда. Ол гуманизм мен әділеттілік принциптеріне сәйкес келмейтін қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және адамның қадір-қасиетін төмендететін шара ретінде танылды. Өмір сүру құқығы демократиялық қоғамның негізгі құндылықтарының бірі болып табылады және мемлекет әр адам үшін осы құқықты қамтамасыз ету және қорғау міндетін атқарады. Ел Конституциясында өлім жазасын жоюды бекіту – бұл заңды қадам ғана емес, сонымен бірге адам өміріне деген құрмет пен әділеттіліктің адамгершілік жүйесіне деген ұмтылысты көрсететін маңызды символдық әрекет. 2021 жылы Қазақстан өлім жазасын толығымен жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші Факультативтік хаттаманы ратификациялады. Бұл құжатты БҰҰ Бас Ассамблеясы 1989 жылы желтоқсанда қабылдады және оны ратификациялау адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарды сақтау жолындағы маңызды қадам болды. Маңыздысы, өлім жазасының болуы қылмыс деңгейін төмендетуде тиімділігі дәлелденбеген. Керісінше, қылмыстың алдын алуға, әділ сот төрелігіне және құқық бұзушыларды оңалтуға баса назар аудару керек. Хаттама ратификацияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі оның ережелеріне сәйкес келтірілді – өлім жазасы қылмыстық заңнамадан толығымен алынып тасталды. Осылайша, конституциялық деңгейде ел өмір сүру құқығын қорғаудың құқықтық негізін нығайта отырып, гуманизм қағидаттарына берілгендігін тіркеді.

    Сұрақ

    Ерлер мен әйелдер арасындағы теңдік нені білдіреді?

    Жауап

    Ерлер мен әйелдер арасындағы теңдік – бұл Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіде көзделген барлық азаматтық және саяси құқықтарды, сондай-ақ Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіде көзделген барлық экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарды ерлер мен әйелдердің тең пайдалануына кепілдік беретін қағидат. Ешкiмдi тегiне, әлеуметтiк жағдайына, лауазымдық немесе мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнiне, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген басқа жағдаяттар бойынша кемсiтуге болмайды (Конституцияның 14-бабы). Мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттерінің бірі – мемлекеттік және қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету ету болып табылады («Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Заңның 3-бабы).

    Сұрақ

    Кемсітушілік нені білдіреді, оған тыйым салу немен бекітілген?

    Жауап

    Кемсітушілікке тыйым салу Конституцияның 14-бабында және басқа заңдарда бекітілген заң мен сот алдында барлығының теңдігі қағидасынан туындайды. Бұл негізгі қағида халықаралық құқық нормаларына, атап айтқанда Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 7-бабына және Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 2, 26-баптарына сәйкес келеді. Кез-келген кемсітушілікке заңмен тыйым салынуы керек, заң барлық адамдарға қандай да бір негізде, нәсіліне, түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе басқа сенімдеріне, ұлттық немесе әлеуметтік тегіне, мүліктік жағдайына, тууына немесе басқа жағдайына байланысты кемсітушілікке қарсы тең және тиімді қорғауға кепілдік беруі керек (Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 7-бабы, Азаматтық және саяси туралы халықаралық пактінің 26-бабы, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактінің 2-бабы). Еңбек және білім саласындағы әйелдерге қатысты нәсілдік кемсітушілікке, кемсітушілікке қатысты жекелеген ережелер Қазақстанның 1998 жылғы 29 маусымдағы №245 заңымен қосылған Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияда, Қазақстанның 1998 жылғы 29 маусымдағы № 248 Заңымен қосылған әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияда, 2001 жылғы 4 шілдедегі № 220 заңымен ратификацияланған әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның Факультативтік хаттамасында жарияланған. Конституция тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша кемсітуге тыйым салады (14-баптың 2-тармағы).

    Сұрақ

    Ұлттық орталық халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жүргізе ме?

    Жауап

    Иә. Ұлттық орталық адам құқықтарын сақтау мәселелері бойынша өңірлік және халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды.

    Сұрақ

    Адам құқықтары жөніндегі уәкіл сотқа дейінгі тергеп-тексеру процесіне араласа ала ма?

    Жауап

    Жоқ. «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заңға сәйкес Адам құқықтары жөніндегі уәкіл сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адамдардың қызметіне араласуға жол бермей, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға жәрдемдеседі.

    Сұрақ

    1. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл сот процесіне араласа ала ма?

    Жауап

    Жоқ. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне араласуға жол бермей, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға жәрдем көрсетеді.

    Сұрақ

    Жалпы байқау қалай өткізіледі?

    Жауап

    Агенттіктің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының лауазымына орналасуға конкурсты өткiзу қағидаларының 2-тармағына сәйкес конкурсты «Б» корпусының бос және (немесе) уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымы бар мемлекеттік орган өткізеді. Осылайша, мемлекеттік орган бос лауазымға конкурс жариялау туралы шешімді дербес қабылдайды. жалпы конкурсты өткізу туралы хабарландырулар Агенттіктің іріктеу ықпалдастырылған ақпараттық жүйенің "eqyzmet.gov.kz" сыртқы интернет-порталында орналастырылады.

    Сұрақ

    АҚҰО мемлекеттік қызметке кімдер кіре алады?

    Жауап

    Мемлекеттік лауазымдарға тиісті біліктілік талаптарына сай келетін, өзінің жеке және кәсіби қасиеттері, денсаулық жағдайы, білім деңгейі бойынша өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді атқаруға қабілетті және Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жасы бойынша шектеу Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында олардың өкілеттік мерзімдері айқындалған мемлекеттік саяси лауазымдарға қолданылмайды. Зейнеткерлік жасқа толған адамды осы бапта көзделмеген өзге жағдайларда мемлекеттік саяси лауазымға Қазақстан Республикасының Президенті ғана тағайындауы мүмкін. Құқық қорғау органдарының лауазымдарына орналасуға үміткер азаматтарға қойылатын жасына байланысты шектеулер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 16-бабының 3-тамағында мемлекеттік қызметке кіруге болмайтын шектеулер көрсетілген.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.