Аукцион арқылы автокөлік сатып алғым келеді. Сатып алу тәртібі қандай?
«Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына сәйкес, Сізге: Тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет; Электрондық саудаға қатысу үшін электрондық цифрлық қолтаңба ЭЦҚ болуы; Аукционға қатысуға өтінім беріп, кепілдік жарнасын енгізу; Аукционда жеңген жағдайда сатып алу-сату шартына қол қойып, объектіні белгіленген тәртіппен қабылдау қажет.