Мемлекеттік мекемелердің біріне белгілі бір мүлікті беру ниеті бар, мүлікті мемлекеттік меншікке беру қандай тәсілдер арқылы жүзеге асырылады?
Мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғалардың мүліктері мемлекеттік меншікке сыйға тарту шарты негізінде беру ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі №1103 «Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» қаулысының ( бұдан әрі-Қағида ) талаптарына сәйкес жүргізіледі. Қағиданың 2-бөлімінің 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік меншікке берілетін мүліктің иесі сыйға тарту шарты бойынша мемлекетке мүлік құқығын беру туралы ұсыныспен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға не оның аумақтық бөлімшесіне, не облыстың жергілікті атқарушы органдарына жүгінеді.