Жеке оңалту бағдарлама кімге рәсімделеді?

    kyzylorda-kzo

    kyzylorda-kzo·
    Сұрақ

    Жеке оңалту бағдарлама кімге рәсімделеді?

    Жауап

    ЖОБ мүгедек деп танылған барлық азаматтарға рәсімделеді.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Облыс аумағында кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары қай кезде және қалай жүргізіледі?

    Жауап

    Белгіленген талаптарға сәйкес залалсыздандыру жұмыстары жылына 2 рет, көктемде және күзде жүргізіледі. Заласыздандыру жүргізілетін елді мекендер тізімі облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен анықталса, олардағы мал бастары, қора, суат, шаңлақтар мен қолданылатын препарат облыстық ветеринария басқармасымен белгіленеді. Мысалға 2025 жылы облыстағы 111 елді мекенде заласыздандыру жұмыстары жүргізілді.

    kyzylorda-kzo·
    Сұрақ

    Кәсіпкерлік нысанға инфрақұрылымды тарту мүмкіндігі барма?

    Жауап

    ҚР Үкіметінің 17.09.2024 жылғы № 754 қаулысымен бекітілген «Инженерлік инфрақұрылым жүргізу қағидалары» негізінде жүзеге асырылады. Инфрақұрылым түрлері – су бұру, сумен жабдықтау (сумен жабдықтау үшін ұңғыма бұрғылау), газдандыру, су таратқыштар, бу құбырлары, жылумен жабдықтау, су құбырлары, теміржол тұйықтары, кірме теміржолдар, телефон желілері, кіші электр станциялары, электр беру желілері, септиктер, бу-газды құрылғылар салу Инфрақұрылым сомасы – жалпы жоба құнының 50%-нан аспауы тиіс. Облыс орталығында экономикалық қыметтердің басым тізбесіне сәйкес, ал шағын қалалар және ауылдық елді мекендерде салалық шектеулерсіз.

    kyzylorda-kzo·
    Сұрақ

    Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелу үшін қайда жолығамыз

    Жауап

    Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі ретінде танылу үшін кәсіпкер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 17 шілдедегі №140 бұйрығымен бекітілген «Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына» сәйкес Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілуі қажет. Ол үшін кәсіпкер немесе заңды тұлға өзінің қызмет бағытының әлеуметтік кәсіпкерлік өлшемшарттарына сәйкестігін растайтын құжаттарды дайындап, бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі - Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына өтініш береді. Тізілімге - қоғам үшін қандай да бір әлеуметтік мәселені шешу немесе пайдасын тигізу мақсатында тауарлар өндіру мен қызметтер көрсетумен айналысатын кәсіпкерлер енгізіледі. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі 4 санат бойынша жүргізіледі: 1-санат – әлеуметтік осал топтағы азаматтарды жұмыспен қамтитын кәсіпкерлер. Қосымша талап: қызметкерлер саны кемінде 2 адам, еңбекақы қорының үлесі – кемінде 25%. 2-санат – 1-санаттағы азаматтар өндірген тауарлар мен қызметтерді сатуға және ілгерілетуге көмектесетін кәсіпкерлер. Талап: осы қызметтен түсетін табыс жалпы табыстың кемінде 50%-ын құрауы тиіс. 3-санат – әлеуметтік осал топтарға әлеуметтік, медициналық, психологиялық, білім беру және оңалту қызметтерін көрсететін кәсіпкерлер. 4-санат – білім беру, мәдени-ағартушылық, экология, балаларды сауықтыру, ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау және салауатты өмір салтын дамыту бағытында жұмыс істейтін әлеуметтік кәсіпкерлер. Әр санат бойынша өтінім және Қағидада көзделген тиісті қосымшалар ұсынылады.

    kyzylorda-kzo·
    Сұрақ

    Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру конкурсына қалай қатысуға болады?

    Жауап

    Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 17.09.2024 жылғы №754 қаулысымен бекітіліген Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары қағидаларымен регламенттеледі. Бизнес-идея деп – тауарларды шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін нақты жобаны іске асыруға бағытталған кәсіпкерлік бастаманы айтады. Берілетін гранттың максималды сомасы – 5 млн. теңгені құрайды. Бизнес-жобаны іске асыру мерзімі – 18 айдан аспайды. Мемлекеттік гранттар – кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу бойынша өткізілетін конкурстардың қорытындылары негізінде кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен беріледі. Яғни, Басқарма осы мемлекеттік қолдау шарасының жергілікті жердегі үйлестіруші органы болып табылады. Конкурстық іріктеуге – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері, "Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасының финалистері болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады. Негізгі талаптар – жобаның кемінде 20% көлемінде қоса қаржыландырылуы, жаңа жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымның болуы немесе оны дамыту жоспары. Грант қаражаты – негізгі құралдар, шикізат, материалдар алуға, материалдық емес активтер мен технологиялар сатып алуға, франшиза алуға, ғылыми-зерттеу және жаңа технология енгізуге жұмсалады. Рұқсат етілмейді – жылжымайтын мүлік және жер сатып алу, жалға ақы төлеу, пайдаланылған негізгі құралдар мен жеңіл автокөлік алу, ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алу (ерекше жағдайларды қоспағанда). Өтінімдер kezekte.kz платформасы арқылы беріледі. Қоса қаржыландыру, бизнес-жоба және әлеуметтік кәсіпкер мәртебесін растайтын құжаттар ұсынылады. Өтінімдер Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы арқылы қаралады. Бағалау конкурстық комиссиямен жүзеге асырылады.

    kyzylorda-kzo·
    Сұрақ

    Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік қолдау шарасы ретінде жер телімін қалай алуға болады?

    Жауап

    Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде жер телімін алу үшін келесідей жолдары бар: 1. ҚР Жер кодексінің 48-бабында көрсетілген ерекше жағдайларға сәйкес жер учаскесін сауда-саттықсыз алу. Бұл ретте, жоба инвестициялық жобаларды іске асыру үшін айқындалған қызметтің басым түрлерінің тізбесінде болуы қажет. Сондай-ақ, серіктестік ұсынған жоба мемлекет тарапынан қолдау тауып, инвестициялық жоба ретінде танылуы үшін «Мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 11-1-4/590 бұйрығына сәйкес әкімдікке өтінішпен жүгіну керек. 2. «Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 22 тамыздағы № 592 бұйрығына сәйкес өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидалары бекітіліген. Осы қағида талаптарына сәйкес, жобаны іске асыру кезінде Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабы 1-тармағының 19) тармақшасына сәйкес ғимараттар мен құрылыстар салу үшін жер учаскесін беру қарастырылған. Осыған орай, жоба бастамашысы бірыңғай индустрияландыру картасына ену үшін жоба бойынша құжаттарды қағида талаптарына сәйкес ұсыну қажет. 3. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 292-бабына сәйкес аталған жер телімін заттай грант ретінде алу. Аталған мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін Сізге ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетімен «Инвестициялар туралы келісімге» қол қою қажет. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 283-бабына сәйкес инвестициялық жобаларға кедендiк баждар және импортқа қосылған құн салығын салудан босату және мемлекеттiк заттай гранттар түрінде инвестициялық преференциялар беріледі.

    kyzylorda-kzo·
    Сұрақ

    Интернет жылдамдығының төмен болуының негізгі себептері қандай?

    Жауап

    Интернет жылдамдығының төмендеуі желі жүктемесінің артуы, кибершабуылдар салдарынан магистральдық арналардың жүктелуі және базалық станциялардың жеткіліксіздігі немесе олардың алынуы нәтижесінде қамту аймағының қысқаруымен байланысты.

    kyzylorda-kzo·
    Сұрақ

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты ақпаратты қайдан алуға болады?

    Жауап

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты «Электрондық үкімет» порталынан (eGov.kz), 1414 бірыңғай байланыс орталығынан, Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан (ХҚКО/ЦОН), тиісті мемлекеттік органдардың ресми сайттарынан немесе қызметті беруші мемлекеттік органдарға тікелей жүгіну арқылы алуға болады.

    kyzylorda-kzo·
    Сұрақ

    Байланыс қызметінің сапасына қатысты қайда шағымдануға болады?

    Жауап

    Байланыс қызметінің сапасына қатысты мәселелер бойынша азаматтар Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникация комитетінің облысаралық байланыс инспекцияларына,сондай-ақ,облыс әкімдіктеріне шағымдана алады.

    kyzylorda-kzo·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.