Сауда-саттықсыз (аукционсыз) жер телімін алу;
Жобаны инвестициялық жоба деп тану.
Жоба инвестициялық жобаларды іске асыру үшін айқындалған қызметтің басым түрлерінің тізбесінде болуы қажет және жоба құны 150 мың АЕК-тен басталуы тиіс.
«Мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 11-1-4/590 бұйрығына сәйкес әкімдікке (аудан/қала) өтінішпен жүгіну керек екенін хабарлаймын.
Өтінішке келесі құжаттар қоса берілу қажет:
1) жобаның бизнес-жоспарын жасауға қойылатын талаптарға сәйкес әзірленген жобаның бизнес-жоспары;
2) нысан бойынша жобаның жұмыс бағдарламасы;
3) ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) бекітілген «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі, Қағидаларға сәйкес талап етілген жер учаскесі елді мекеннен тыс жерде орналасса немесе белгіленген базалық мөлшерлемелер мен елді мекеннің белгіленген шекаралары болмаған кезде беріледі;
4) өтініш берушіні мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
5) өтініш беруші жарғысының көшірмесі;
6) өтініш берушінің салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы әкімдікке өтініш берілген күнге дейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде берілген анықтама;
7) өтініш берушінің инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қаржылық ауқаттылығын растайтын келесі құжаттардың бірін не бірнешеуін:
- өтініш берушінің банктердегі шоттарда өз қаражатының бар екенін растайтын құжаттар;
- мүліктің бар екенін растайтын құжаттар;
- бизнестегі үлесінің немесе өзге де активтерінің болуын растайтын құжаттар;
- кредиттік желінің болуын растайтын құжаттар.
Екінші, әкімдік өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды қабылданған күннен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға сәйкестігін қарайды. Бұл ретте, өтініш пен оған қоса берілген құжаттар осы Қағидаларға сәйкес келген кезде әкімдік оларды жер учаскесін беруді келісу үшін өңірлік үйлестіру кеңесіне жібереді.
Үшінші, өңірлік үйлестіру кеңесі өтініш және оған қоса берілген құжаттар келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған материалдарды қарайды және әкімдікке жер учаскесін беруді келісу не келісуден бас тарту туралы қорытындыны жолдайды.
Төртінші, Әкімдік өңірлік үйлестіру кеңесінің қорытындысын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде:
1) оң қорытынды шыққан кезде өтініш берушіге осы шешімнің көшірмесін жібере отырып, мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау шешімін қабылдайды;
2) теріс қорытынды шыққан кезде өтініш берушіге дәлелді жазбаша бас тартуды жібере отырып, мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындаудан бас тартады.