Бұқаралық спортпен шұғылданушылардың спорт нысандарына қолжетімділігін арттыру мақсатында қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
Өңірде тұрғындардың тұрақты дене шынықтыру және спортпен шұғылдануларына жағдай жасау мақсатында аймақта бұқаралық спорттық инфрақұрылымды нығайтуды негізге алуымыз керек. Бұқаралық спортқа жол, бұқаралық спорттық іс-шаралар және тұрғындардың таңдаған спорт түрімен шұғылданулары арқылы ашылады. Бүгінде, спорт саласында ауқымды жобалар жүзеге асуда. Атап айтқанда, Қызылорда қаласының сол жағалауында «Теннис орталығы» мен 11 мың орындық стадион салынып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Сондай-ақ, алдағы уақытта жабық бассейні бар көпсалалы дене шынықтыру-сауықтыру кешендері пайдалануға беріледі. Осылайша, жастардың таңдаған спорт түрлерімен шұғылдануларына тең мүмкіндік пайда болады. Келешекте бұл нысандарда спорттың бірнеше түрі бойынша секциялар жүргізіліп, 1600-ге жуық жасөспірімнің бір ауысымда спортпен шұғылданулары жағдай жасалады.