Дінтану сараптамасын өткізу бойынша мемлекеттік қызметті қалай алуға болады?
Дінтану сараптамасын жүргізу мемлекеттік қызметін көрстеудің екі тәсілі бар: Электронды (жартылай автоматтандырылған) және қағаз жүзінде. Қызмет тегін көрсетіледі. Өтінішті электронды түрде қалай беру керек: «Электрондық үкімет» порталына (egov.kz) немесе «Электрондық лицензиялау» порталына (elicense.kz) кіріңіз. Порталда тіркеліңіз немесе авторизациядан өтіңіз. «Дінтану сараптамасын жүргізу» қызметін таңдаңыз. Электрондық өтініш формасын толтырыңыз. Өтінішті электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қойып жіберіңіз. Өтінішіңіздің статусын жеке кабинетіңіз арқылы бақылаңыз. Электронды түрде өтініш бергенде қажетті құжаттар: Электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қойылған электрондық өтініш нысаны; Сараптама нысанасының Қазақстан Республикасы ұйымдарының кітапхана қорларына түскенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі, немесе миссионерлерді не діни бірлестікті тіркеуге арналған өтініштің электрондық көшірмесі, немесе діни бірлестік басшысынан не оның міндетін атқарушы тұлғадан республика аумағына әкелінгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі. Өтінішті қағаз (қолма-қол) түрде қалай беру керек: Дін істері комитетінің кеңсесіне жүгініңіз ( Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-11-78, 74-18-48. Мекенжайы: Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс); Қажетті құжаттарды ұсыныңыз*; Құжаттарды қабылдағаннан кейін 22 (жиырма екі) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті (бұдан әрі – Комитет) шешім қабылдап, қызмет алушыны хабардар етеді. Қағаз түрде өтініш бергенде қажетті құжаттар: Белгіленген нысандағы өтініш; Жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат; Заңды тұлғалар үшін – діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама; Сараптама нысанасының ҚР ұйымдарының кітапхана қорларына түскенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі, немесе миссионерлерді не діни бірлестікті тіркеуге арналған өтініштің көшірмесі, немесе діни бірлестік басшысынан не оның міндетін атқарушы тұлғадан республика аумағына әкелінгенін растайтын құжаттың көшірмесі; Сараптама нысаналары; Егер ұсынылған материал шет тілінде болса – қазақ немесе орыс тіліне нотариаттық куәландырылған аудармасы ұсынылуы қажет. Қызмет көрсетушінің (Комитеттің) әрекетіне шағымдану Егер дінтану сараптамасын жүргізу бойынша шешімге, әрекетке немесе әрекетсіздікке қанағаттанбасаңыз, шағым бере аласыз. Шағымды қайда беру керек: Қызметті көрсеткен органға; Қызметкердің өзіне (әрекетіне/әрекетсіздігіне шағымдану кезінде); Жоғары тұрған орган – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдану тәртібі: Уәкілетті орган сіздің шағымыңызды тіркелген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға міндетті; Қызмет алушының шағымы қанағаттандырылмаған жағдайда, Комитет үш жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды және барлық құжаттарды жоғары тұрған мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне жолдайды. Бұл туралы сол күні сізге хабар беріледі; Егер шағым бойынша оң шешім қабылданса (өтініш берушінің пайдасына), ол жоғары тұрған мемлекеттік органға жіберілмейді; Шағымды қарау мерзімі келесі жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін: қосымша зерттеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда; қосымша ақпарат алу қажет болғанда. Сот тәртібі: Сотқа тек сотқа дейінгі шағымдану рәсімінен кейін ғана жүгінуге болады (егер заңда өзгеше көзделмесе).