Кинематография саласындағы мемлекеттік қолдауды ұлттық фильмдер деп тануға үміткер киножобаларды шығару бойынша конкурстық іріктеу жолымен Ұлттық киноны мемлекеттік қолдау орталығы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Орталық) Сараптамалық кеңес пен ведомствоаралық комиссияның ұсынымдары негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 15 наурыздағы № 64 бұйрығымен бекітілген Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды шығару бойынша мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін оларды іріктеу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін жыл сайын 5 қаңтарға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының басым бағыттарын, жолдауларды ескере отырып, алдағы конкурсқа арналған басым тақырыптарды қалыптастырады, бекітеді және Орталыққа жібереді.
Орталық басым тақырыптарды алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде Орталықтың интернет-ресурсында алдағы конкурстық іріктеуге басым тақырыптарды орналастырады.
Ұлттық фильмдер деп тануға үміткер киножобалар екі кезеңде қаралады.
Бірінші кезеңде – киножобалардың сценарийлерін немесе сценарий жоспарларын қарау.
Екінші кезеңде – киножобаларды қарау.
Конкурстық іріктеудің бірінші кезеңі:
1) Орталықтың интернет-ресурсында киножобалардың сценарийлерін немесе сценарий жоспарларын конкурстық іріктеудің басталғаны туралы хабарландыруды жариялаудан;
2) киножобалардың сценарийлерін немесе сценарий жоспарларын қарау туралы өтінішті қабылдаудан;
3) киножобалардың сценарийлерін немесе сценарий жоспарларын қараудан тұрады.
Киножобалардың сценарийлерін немесе сценарий жоспарларын дайындау мерзімі басым тақырыптарды Орталықтың интернет-ресурсында орналастырған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен аспайды.
Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мерзім өткен соң Орталық өзінің интернет-ресурсында киножобалардың сценарийлерін немесе сценарий жоспарларын конкурстық іріктеудің басталғаны туралы хабарландыруды орналастырады.
Киножобалардың сценарийлерін немесе сценарий жобаларын конкурстық іріктеудің басталғаны туралы хабарландыру оны өткізу мерзімдері, кезеңдері, конкурстық іріктеудің негізгі шарттары туралы мәліметтерді қамтиды.
Конкурстық іріктеудің бірінші кезеңіне қатысу үшін өтініш берушілер киножобалардың сценарийлерін немесе сценарий жоспарларын конкурстық іріктеудің басталғаны туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Орталыққа электронды түрде:
1) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша киножобалардың сценарийлерін немесе сценарий жоспарларын қарауға өтінішті;
2) ойын фильміне PDF форматындағы сценарийді, анимациялық фильмге PDF форматындағы сценарийді және 2 (екі) бас кейіпкердің эскизін, деректі және хроникалы фильмдерге арналған сценарий жоспарын;
3) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесімен авторлық шартты және (немесе) өтініш беруші және сценарий немесе сценарий жоспарының авторы арасындағы алдын ала шартты енгізеді.
Өтініш беруші фильмнің әрбір түрі бойынша 2 (екі) аспайтын сценарийді ұсынады: ойын фильмі, анимациялық фильм, деректі және хроникалы фильмдер.
Ойын және анимациялық фильмдердің сценарийі Орталыққа киножобаны беру жоспарланған тілде ұсынылады.
Орталық осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініш берушілер ұсынған құжаттарды Сараптама кеңесінің қарауына енгізеді. Сценарийлерді немесе сценарий жоспарларын Сараптама кеңесінің мүшелері фильмдердің түрлері бойынша секцияларда қарайды: көркем фильм, анимациялық фильм, деректі және хроникалы фильмдер.
Сараптама кеңесі киножобалардың сценарийлерін немесе сценарий жоспарларын:
1) басым тақырыптарға;
2) киножобаның сценарийінің немесе сценарий жоспарының тұжырымдамаларына;
3) сюжеттің құрылымына;
4) драматургия қағидаттарына;
5) киножобаның сценарийінің немесе сценарий жоспарының техникалық пысықталуына;
6) кейіпкерлердің бейнесі мен мінездерінің және диалогтардың ашылу сәйкестігіне қарайды.
Конкурстық іріктеудің бірінші кезеңінің қорытындысы Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде белгіленген талаптарға сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы уәжді негіздемелері көрсетіле отырып, киножобалардың сценарийлері немесе сценарий жоспарларын қарау аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде хаттамамен ресімделеді.
Орталық өтініште көрсетілген электрондық пошта арқылы 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтініш берушілерді қарау нәтижелері және конкурстық іріктеудің келесі кезеңіне құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабардар етеді.
Конкурстық іріктеудің екінші кезеңі:
1) Сараптама кеңесінің конкурстық өтінімдерді қабылдауынан және қарауынан;
2) питчингтің нәтижелері бойынша Сараптама кеңесінің қорытындысын енгізуден;
3) Кинематография саласындағы мемлекеттік қолдау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Сараптама кеңесінің қорытындысын қарауынан және киножобаларды қаржыландыру туралы шешім қабылдауынан тұрады.
Конкурстық іріктеудің бірінші кезеңі бойынша оң қорытынды алған өтініш берушілер хабарламаны алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Орталықтың электрондық поштасына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және жеке тұлға үшін жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарламаны немесе заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
3) киножоба;
4) киножобаның аннотациясы;
5) фильмнің түсірілім тобының (продюсер, қоюшы режиссерлер) құрамымен жасалған шарттардың көшірмелері және олардың жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмелері;
6) салық төлеушінің кабинетінен өтініш берушінің экономикалық қызметінің негізгі түрінің деректері бар үзінді көшірмесі;
7) кинематографиялық қызметтің шетелдік немесе қазақстандық субъектілерімен бірлесіп шығарылатын киножобалар үшін конкурстық өтінім беру күніне барлық қосымша келісімдермен бірге киножобаны шығаруға әрбір тең продюсердің қатысу үлесін міндетті түрде көрсете отырып, фильмді бірлесіп шығару туралы алдын ала жасалған шарт немесе келісімшарт, сондай-ақ шығарудың қаржылық жоспары қосымша ұсынылады;
8) «Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар шығаруды қаржыландыру қағидаларын және қаржыландыру көлемдерінің нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 140 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18697 болып тіркелген) Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар шығаруды қаржыландыру қағидаларына сәйкес киножобаны шығаруға арналған смета;
9) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша берілетін кинематография саласында өтініш беруші немесе продюсер іске асырған жобалардың бар екені туралы мәліметтер;
10) конкурстық өтінімді беру күніне дейін 3 (үш) жұмыс күннен аспайтын салықтық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді Орталықтың электрондық поштасына ұсынады.
Қағидалардың 13-тармағы 9) тармақшасының талаптары дебюттік фильмдерге қолданылмайды.
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтініш берушілер:
1) құқық қабілеттілігіне (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекетке қабілеттілігіне (жеке тұлғалар үшін) ие болуы;
2) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салықтық берешегінің болмауы;
3) банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы керек (мәліметтер Орталықпен тексерілерді).
Орталық конкурстық өтінімдерді қабылдайды және осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігіне қарайды.
Конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін келіп түскен конкурстық өтінімдер өтініш берушіге қараусыз қайтарылады.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған кезде конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Орталық өтініш берушінің өтінішінде көрсетілген электрондық поштасына конкурстық өтінімді осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес келтіру қажеттігі туралы хабарлама жібереді.
Өтініш беруші пысықталған конкурстық өтінімді және құжаттардың тізбесін хабарламаға сәйкес оны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынады.
Конкурстық өтінім хабарлама жіберілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні өткеннен кейін осы Қағидалардың 13-тармағына қайта сәйкес келмеген жағдайда, Орталық конкурстық өтінімді өтініш берушіге қайтарады.
Орталық осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес келетін конкурстық өтінімдерді конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Сараптама кеңесінің қарауына жібереді.
Орталық конкурстық өтінімдерді Сараптама кеңесіне жібергеннен кейін питчинг өткізілетін күнге дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде конкурстық өтінімдері Қағидалардың 13-тармағына сәйкес келетін өтініш берушілерге өтініште көрсетілген байланыс телефондарының нөмірлеріне қоңырау шалу және (немесе) электрондық поштасына хабарлама жіберу арқылы питчингтің өткізу күні, уақыты және орны туралы хабарлайды, сондай-ақ тиісті хабарландыруды Орталықтың интернет-ресурсында орналастырады.
Питчинг ашықтық, айқындық қағидаттарында өткізіледі және Орталықтың интернет-ресурсында және әлеуметтік желілеріндегі ресми аккаунттарында онлайн-трансляциялар режимінде өтеді.
Питчингте Қазақстан Республикасының «Кинематография туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабының 1-тармағында көзделген негіздерге сәйкестігі нысанасында киножобалармен танысу және қарау мақсатында оларды қорғау жүзеге асырылады.
Питчингтің қорытындысы бойынша Сараптама кеңесі олардың Заңның 14-бабының 1-тармағында көзделген негіздерге сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы негіздей отырып, әрбір киножоба бойынша тиісті қорытынды шығарады. Питчингтің қорытындысы хаттамамен ресімделеді және оған оның мүшелері қол қояды.
Питчингтің нәтижелері питчинг хаттамасына қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Орталықтың интернет-ресурсында орналастырылады.
Орталық Сараптама кеңесінің қорытындысын қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізеді.
Ведомствоаралық комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған Ведомствоаралық комиссияның отырысына қатысқан мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе қабылданды деп саналады. Ведомствоаралық комиссия мүшелері шешім қабылдау кезінде тең дауысқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші дауыс болып табылады. Егер отырысқа Ведомствоаралық комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, ол заңды болып саналады.
Ведомствоаралық комиссияның отырысы Сараптама кеңесінің қорытындысын алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өткізіледі. Ведомствоаралық комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді және оған оның мүшелері қол қояды.
Орталық Ведомствоаралық комиссияның отырысы өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Министрлікке Ведомствоаралық комиссияның ұсынымын енгізеді.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 92 бабының 1-тармағына сәйкес өтініш беруші Ведомствоаралық комиссияның шешіміне шағымды үш айдан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне беруге құқылы.