Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді жекешелендіру үшін өтініш беруші egov.kz порталы немесе өзіңіз мекен жайыңыз бойынша ХҚКО арқылы өтініш беру қажет.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді жекешелендіру - бұл азаматтың жалға алып отырған мемлекеттік тұрғын үйді жеке меншігіне тегін рәсімдеу процесі. Бұл қызмет тек белгілі бір санаттағы азаматтарға қолжетімді және нақты заңдармен реттеледі.
Мына азаматтар тұрғын үйді жекешелендіруге құқылы:
• Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға алып отырған азаматтар;
• Әлеуметтік осал топтарға жататындар (көп балалы отбасылар, мүгедектер, жетім балалар және т.б.);
• Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік мекеме қызметкерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, судьялар, депутаттар, ғарышкерлер мен үміткерлер.
Жекешелендіруге өтініш беру үшін отбасының барлық кәмелетке толған мүшелері келісімін беруі қажет.
Жекешелендіру қызметіне жүгіну тәсілдері:
• Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) арқылы;
• электрондық үкімет порталы арқылы (ЭЦҚ қажет);
• Құжаттарды қарау және шешім қабылдау жергілікті атқарушы орган жанындағы тұрғын үй комиссиясы арқылы жүзеге асады.
Қажетті құжаттар тізімі:
1. Өтініш (отбасының барлық кәмелетке толған мүшелері қол қояды);
2. Қажетіне қарай:
• некеге тұру/бұзу туралы, баланың тууы немесе отбасы мүшесінің қайтыс болуы туралы куәліктер көшірмелері;
3. Тұрғын үйге жалға алу шарты немесе ордер;
4. Егер өтініш берушінің отбасына басқа тұлғалар мүшелік етсе- сот шешімінің көшірмесі;
5. Егер азамат жеңілдікті топқа жатса:
• тиісті құжат көшірмесі (мысалы, көп балалы отбасы мәртебесі);
6. Мемлекеттік қызметшілер мен өзге де санаттар үшін:
• жұмыс орнынан анықтама немесе еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі;
7. Ғарышкерлер немесе үміткерлер мәртебесін растайтын құжат;
8. №6 нысан- өтініш беруші мен онымен тұратын отбасы мүшелерінің атына ҚР аумағында тұрғын үйдің бар/жоғы туралы әділет органының анықтамасы;
9. Коммуналдық қызметтер бойынша қарыздың жоқтығы туралы анықтама (жарық, су, газ, жылу, КСК және т.б.).