Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелу үшін қайда және қалай өтініш беруге болады?
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі ретінде танылу үшін кәсіпкер немесе заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілуі тиіс. Ол үшін: • өтініш береді; • әлеуметтік кәсіпкерлік өлшемшарттарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынады; • құжаттарды өңірлік үйлестірушіге қарауға жолдайды. Қызылорда облысында құжаттар Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына ұсынылады. Тізілім әлеуметтік кәсіпкерліктің келесі негізгі бағыттары бойынша жүргізіледі: • әлеуметтік осал топтарды жұмыспен қамту; • олардың тауарлары мен қызметтерін өткізуге жәрдемдесу; • әлеуметтік, медициналық, білім беру және оңалту қызметтерін көрсету; • білім беру, экология, балаларды қолдау және салауатты өмір салтын дамыту бағыттарындағы қызмет.