МӘС қорытындысына келіспеу жағдайында шешімге шағымдану мерзімі

    enbek-astana

    enbek-astana·
    Сұрақ

    МӘС қорытындысына келіспеу жағдайында шешімге шағымдану мерзімі

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережелеріне» сәйкес, медициналық-әлеуметтік сараптамаға жататын тұлға немесе оның заңды өкілі сараптамалық қорытындыға келіспеген жағдайда, оны алған күннен бастап үш ай ішінде шағымды әкімшілік органға немесе әкімшілік актіге, әкімшілік іс-әрекетке (әрекетсіздікке) жауапты лауазымды тұлғаға жолдайды.

    Шағымдану Қазақстан Республикасының Әкімшілік процессуалдық-процедуралық кодексінің талаптарына сәйкес жүргізіледі және шағым түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қаралады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Еңбек кітапшамдағы жазба «Қазақ ССР» деген жазуы бар мөрмен куәландырылса не істеуім керек?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 15 шілдедегі «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің және Қазақстан Республикасы халық депутаттары жергілікті Кеңестерінің елтаңбалы мөрлері туралы» қаулысымен: Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1981 жылғы 25 желтоқсандағы № 1993-XII «Қазақ КСР халық депутаттары жергілікті Кеңестерінің елтаңбалы мөрлері туралы» қаулысының; Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1990 жылғы 19 қаңтардағы № 4451-ХI «Қазақ КСР халық депутаттары жергілікті Кеңестері төралқаларының елтаңбалы мөрлері туралы» қаулысының күші жойылды деп танылды. Сонымен қатар, 1993 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Конституциясының күшіне енген күні 1978 жылғы Қазақ КСР Конституциясы (Негізгі Заңы) өз күшін тоқтатты. Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабына сәйкес ( өтпелі ережелер-1995 жылғы 30 тамыздағы Конституцияның қабылдануына байланысты күші жойылды ) екі жыл ішінде нормативтік құқықтық актілер мен өзге де құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестендірілді. Өтпелі кезеңді ескере отырып, "Қазақ КСР" мәтіні бар мөрмен расталған еңбек кітапшасындағы жазбалар 1995 жылғы қаңтарға дейінгі жұмыс кезеңдері үшін зейнетақы төлемдерін есептеу кезінде есепке алынады. 1995 жылғы қаңтардан кейінгі жұмыс кезеңінде "Қазақ КСР" мәтіні бар мөрді пайдалану заңнама талаптарына сәйкес келмейді. Мұндай жағдайларда жұмыс кезеңі қосымша растауды талап етеді. Егер ескі үлгідегі мөр жұмыс берушінің (кадр қызметінің) кінәсінен қойылса, азамат еңбек қызметі фактісін растайтын қосымша құжаттарды ұсыну қажет, оның ішінде мұрағат мекемелерінің анықтамаларын, мемлекеттік немесе ведомстволық мұрағаттың уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған мұрағат құжаттарының электрондық көшірмелерін, жұмыс орнынан берілген анықтама. Растайтын құжаттар болмаған жағдайда, жұмысқа орналасу фактісі сотта анықталуы керек.

    enbek-astana·
    Сұрақ

    Еңбек кітапшасында түзетулер болса немесе ұйымның мөрі болмаса, еңбек өтілінде еңбек кітапшасы бойынша жұмыс кезеңдері есепке алынады ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасында зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандырудың құқықтық негіздері Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII әлеуметтік Кодексімен (бұдан әрі - Кодекс), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 232 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерлерін есептеу (айқындау), тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларымен (бұдан әрі – Қағида) реттеледі. Кодекстің 209-бабына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін еңбек өтілі 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезең үшін есепке алынады. Еңбек өтілі еңбек кітапшасымен расталады, ал еңбек кітапшасы немесе онда тиісті жазбалар болмаған кезде жұмысы туралы мәліметтерді растайтын құжаттар не соттың шешімі негізінде белгіленеді. Сонымен қатар, Кодекстің 206-бабына сәйкес 1998 жылдан кейінгі жұмыс кезеңдері мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін есептеу үшін міндетті зейнетақы жарналары ( бұдан әрі – МЗЖ ) жүзеге асырылған кезеңдер есептеледі. Міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең орталықтандырылған дерекқордағы МЗЖ аудару туралы мәліметтермен расталады Еңбек кітапшаларын толтыру тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 929 бұйрығымен бекітілген Еңбек кітапшаларын жүргізу және сақтау қағидаларында белгіленген (анықтама: КСРО Мемлекеттік еңбек комитетінің 1974 жылғы 20 маусымдағы N 162 қаулысымен бекітілген кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда еңбек кітапшаларын жүргізу тәртібі туралы Нұсқаулық). . Жұмысқа қабылдау, еңбек шартын тоқтату, басқа жұмысқа ауыстыру туралы еңбек кітапшасындағы барлық жазбалар жұмыс берушінің тиісті актісі шыққаннан кейін енгізіледі және оның мәтініне сәйкес келуі тиіс. Қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтердің дұрыс немесе дұрыс емес жазылғаны анықталған жағдайларда түзетулерді тиісті жазба енгізілген жұмыс беруші не оның құқықтық мирасқоры жүргізеді. Еңбек кітапшасын ресімдеуге қойылатын талаптар сақталмаған жағдайда не жазбаның дұрыстығына күмән болған жағдайда жұмыс өтілі мұрағат мекемелерінің анықтамасымен, мемлекеттік немесе ведомстволық мұрағаттың уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған мұрағат құжаттарының электрондық көшірмелерімен, жұмыс орнынан анықтамамен расталуы мүмкін. Мұрағаттық құжаттар болмаған жағдайда немесе елеулі сәйкессіздіктер болған жағдайда еңбек қызметінің фактісі заңды факт ретінде сот тәртібімен белгіленуі тиіс.

    enbek-astana·
    Сұрақ

    Медициналық-әлеуметтік сараптаманы өткізу кезінде негізгі нормативтік акт қандай?

    Жауап

    Медициналық-әлеуметтік сараптаманы өткізу кезінде негізгі нормативтік акт ретінде Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі және 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 санды Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережелері туралы бұйрығы қабылданған. Бұл құжаттар азаматтарды МӘС жолдау тәртібін, медициналық құжаттамаға қойылатын талаптарды және сараптаманы жүргізу рәсімін реттейді

    enbek-astana·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.