Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI бұйрығымен бекітілген Экологиялық кодексіне (бұдан әрі-Кодекс) сәйкес белгіленіп отырған қызметтің бастамашысы (оператор) келесідей заң талаптарына сәйкес жұмыс жүргізе алады. Кодекстің 12 – бабына сәйкес және ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2021 жылғы 13 шілдедегі №246 бұйрығымен бекітілген «Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектінің санатын айқындау жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес объектінің санатын анықтауы қажет болып табылады.
Сонымен бірге, Кодекстің 96 – бабының 1 – тармағына сәйкес, мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру процесінде қоғамдық тыңдаулар өткізу міндетті.
Бұған қосымша, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен бекітілген, «Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» қағидасының 11 бөлім, 48 – тармағы 6) сәйкес автомобиль көлік құралдарына мотор отынының барлық түрлерімен (сұйық және газды мотор отынымен) құюға арналған объектілер (автомобиль жанармай құю станциялары және май құю бойынша басқа қондырғылар) санитарлық қорғаныш аймағы 100 метр деп көрсетілген.
Яғни, объектінің ластаушы көздерінен ең жақын орналасқан тұрғын аймаққа дейінгі арақашықтық 100 метр аралықты сақтауы қажет.
Жоғарыдағыны баяндай келе, автокөлікке қызмет көрсету сервис объектілерін салу кезеңінде экологиялық заңнама талаптары сақталған жағдайда қызмет жүзеге асырылады.