Аймағымызда бүгінгі күнге туризм саласында динамика бар ма?

    Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы

    Сұрақ

    Аймағымызда бүгінгі күнге туризм саласында динамика бар ма?

    Жауап

    Үстіміздегі жылғы 2 тоқсанның қорытындысымен облыста 5 075 төсек-орны бар 171 орналастыру орындары жұмыс жасауда. Орналастыру орындарымен
    97 мыңнан аса келушілер қабылданды, оның
    6 мыңнан астамы шетелдік туристер. Жазғы демалыс маусымында облыста 13 шағын және 2 ірі демалыс орындары жұмыс істейді.
    2025 жылдың маусымдық кезеңінде демалушылар саны 130 000-ға жуық адамды құрады.

    Оның ішінде 90 мыңға жуық демалушыны 2 ірі «Қамыстыбас» (Қамбаш 55 000 адам) және «Ханқожа көлі» (Бәйгеқұм 35 000 адам) демалыс аймақтары қабылдаған.

    Одан бөлек, туризм саласына тартылған инвестиция көлемі артып отыр.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Спорт федерациясынын аккредитацияны қалай алуға болады?

    Жауап

    Спорт федерациясының аккредитациясын алу үшін eGov.kz порталы арқылы жарғыны, басқару құрылымын және даму бағдарламаларын қоса отырып, жергілікті атқарушы органға өтініш беру қажет. Өтініш электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған .

    Сұрақ

    Аккредиттелген жергілікті спорт федерациялары әзірлеген облыстық спорттық жарыстардың ережелерін (регламенттерін) бекіту қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Басқармаға қағаз жүзінде, электронды пошта арқылы немесе «Е-өтініш» АЖ арқылы жолдай отырып, басқарманың келісімін алу арқылы жүзеге асырылады.

    Сұрақ

    Басқарма басшысының жеке қабылдауына қалай жазылуға болады?

    Жауап

    Қабылдау «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы тіркеліп, алдын ала хабарланады. Немесе жергілікті атқарушы органға келіп жазылуға болады. Жеке қабылдаудың уақыты әр аптаның сәрсенбі күні сағ 16:00-18:00 аралығында.

    Сұрақ

    Балаларды мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне қабылдау рәсімі қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Құжаттар қабылдау қызметті берушінің кеңсесі арқылы немесе электронды үкімет веб порталы арқылы жүзеге асырылады. Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығына сәйкес құжаттарды электронды үкімет веб порталы арқылы арқылы жүзеге асырылады

    Сұрақ

    "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігі кандидаты" спорттық разрядын алу үшін қайда жүгінуге болады?

    Жауап

    Спорттық атақтарды орындау үшін арнайы белгіленген заң жүзінде www.e-gov.kz порталы арқылы жүгінуге болады. "Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушысының 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығында көрсетілген құжаттарды электронды үкімет веб порталы арқылы онлайн түрде жеке өтініштерін жолдап, 14 жұмыс күні ішінде ресми түрде жауап жолданады.

    Сұрақ

    Қызылорда облысында туризм саласындағы бизнес үшін қандай мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған?

    Жауап

    Туристік сала субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мақсатында 2021 жылдың 30 сәуірінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды. Аталмыш Заңда жергілікті атқарушы органдар арқылы туризм саласындағы кәсіпкерлерге 4 мемлекеттік қолдау шаралары белгіленген. Кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау Автокөлік жолдарының бойында орналасқан санитариялық-гигиеналық тораптарды (СГТ) күтіп-ұстауға айына 83 300 теңге көлеміндегі қолдау. Кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу Жаңадан салынған жол бойындағы қызмет көрсету объектілерінің жалпы құнының 10 пайызын өтеу көлеміндегі қолдау. Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргізушінің орнын қоспағанда, сегізден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу Туристік операторларға, туристік агенттіктерге және гидтерге сыйымдылығы 8 орыннан асатын автомобиль көлік құралдарының жалпы құнының 25 пайызын өтеу көлеміндегі қолдау. Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу Жаңадан салынған туристік қызмет нысандарының (табиғи-климаттық аймақтар, көрікті жерлер, тарихи және әлеуметтік-мәдени көрсету нысандары және саяхат кезінде туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын өзге де нысандар) жалпы құнының 10 пайызын өтеу көлеміндегі қолдау

    Сұрақ

    Туроператорлық қызметті алу үшін лицензияны қалай алуға болады?

    Жауап

    Қазақстанда туроператорлық қызметке лицензия алу үшін өтінімді elicense.kz порталы арқылы беру қажет. Негізгі талаптар мен кезеңдер: Өтінім беру: «Электрондық лицензиялау» порталына кіріп, өтінішті толтырыңыз және оған өзіңіздің ЭЦП (ЭЦҚ) кілтіңізбен қол қойыңыз. Қажетті құжаттар: Біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер. Туроператордың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты. Ғимараттың (меншікті немесе жалға алынған) және білікті мамандардың бар екенін растайтын құжаттар. Құны: Лицензиялық алым 10 АЕК құрайды (2026 жылы бұл 43 250 теңге). Қарау мерзімі: Мемлекеттік қызмет 6 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.