Діни құрылысты (ғимаратты) салуға рұқсатты қайдан алуға болады? Қайда және қандай құжаттар қажет?
Діни құрылысты (ғимаратты) салуға рұқсатты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері береді
Қарағанды облысының дін істері басқармасы
Миссионер ретінде қайда және қалай тіркелуге болады?
Миссионер ретінде тіркелу үшін Сізге мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беру қажет, «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары аясында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктер аталған мемлекеттік қызметті көрсетеді. Аталған мемлекеттік қызметті алу үшін «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы қажетті құжаттардың тізбесімен өтініш беру қажет.
Діни құрылысты (ғимаратты) салуға рұқсатты қайдан алуға болады? Қайда және қандай құжаттар қажет?
Діни құрылысты (ғимаратты) салуға рұқсатты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері береді
Ғимаратты діни құрылысқа (ғимаратқа) өзгерту үшін рұқсат алу қажет пе? Қайда және қандай құжаттар қажет?
Ғимаратты діни құрылысқа өзгертуге рұқсат қажет
Заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер Қазақстан Республикасының аумағына діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды және діни әдебиеттерді әкеле ала ма?
Жеке пайдалануға арналғандарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды әкелуді дінтану сараптамасының оң қорытындысын алғаннан кейін Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктер ғана әкеле алады
Діни әдебиеттерді тарату үшін рұқсат керек пе? Қайда және қандай құжаттар қажет?
Діни әдебиеттерді тарату үшін жергілікті әкімдіктен келісу алу керек