Миссионер ретінде қайда және қалай тіркелуге болады?
Миссионер ретінде тіркелу үшін Сізге мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беру қажет, «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары аясында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктер аталған мемлекеттік қызметті көрсетеді. Аталған мемлекеттік қызметті алу үшін «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы қажетті құжаттардың тізбесімен өтініш беру қажет.