Қарағанды облысының дін істері басқармасы

    Жалпы ақпарат

    «Қарағанды облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қарағанды облысында конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету, азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын жүзеге асыру және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайтын жергілікті атқарушы орган болып табылады.

    Облыс әкімдігінің 2013 жылғы 3 шілдедегі № 42/05 қаулысымен құрылды.

    Басқарма жанында «Қарағанды облысының конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыс істейді.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Тікелей эфир «Заң және Тәртіп: Қазақстан Республикасында зайырлылық қағидаттарын сақтай отырып, конфессияаралық диалог – қоғамдық шарттың маңызды бөлігі»

    28.01.2026 сағат 15:00-де senim109.kz алаңында: Тікелей эфир тақырыбы - «Заң және Тәртіп: Қазақстан Республикасында зайырлылық қағидаттарын сақтай отырып, конфессияаралық диалог – қоғамдық шарттың маңызды бөлігі». • Қарағанды облысының діни бірлестіктер клубының модераторы, Қарағанды облысы ҚХА медиация кеңесінің төрағасы, “Қазақстанның терроризмге қарсы комитеті” РҚБ ҚОФ басшысы - Дмитрий Полтаренко • “Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі” ММ басшысы - Қаржасбаев Ринат Мұратұлы; • Оңалту бөлімінің басшысы «Қарағанды облысының дін істері басқармасы Қарағанды облысы конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығы» КММ - Рымкулов Султан Аманболдыұлы. Құрметті тұрғындар, тікелей эфирде, сондай-ақ осы жазбаның астында сіздер өздеріңізді толғандырып отырған сұрақтарды қоя аласыздар.

    28 қаңтар 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Миссионер ретінде қайда және қалай тіркелуге болады?

    Жауап

    Миссионер ретінде тіркелу үшін Сізге мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беру қажет, «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары аясында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктер аталған мемлекеттік қызметті көрсетеді. Аталған мемлекеттік қызметті алу үшін «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы қажетті құжаттардың тізбесімен өтініш беру қажет.

    Сұрақ

    Заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер Қазақстан Республикасының аумағына діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды және діни әдебиеттерді әкеле ала ма?

    Жауап

    Жеке пайдалануға арналғандарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды әкелуді дінтану сараптамасының оң қорытындысын алғаннан кейін Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктер ғана әкеле алады

    Отчет

    2022 жыл есебі

    Дін істері басқармасыЖарияланды:
    Отчет

    2024 жыл есебі

    2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу нәтижелері

    Дін істері басқармасыЖарияланды:
    Отчет

    2025 жыл есебі

    2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу нәтижелері

    Дін істері басқармасыЖарияланды:
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.