Заманауи талаптарға сәйкес аялдамалар орнату.

    ulytau-transport

    ulytau-transport·
    Сұрақ

    Заманауи талаптарға сәйкес аялдамалар орнату.

    Жауап

    Аялдамаларды жаңарту мен жаңасын орнату жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылуда. Қала/ауданның инфрақұрылымдық даму жоспарына сәйкес, жолаушыларға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау мақсатында жаңа үлгідегі аялдамалар орнату жоспарға енгізілген.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Автобус маршруттарының жүру графигінің сақталмауы.

    Жауап

    Қазіргі уақытта тасымалдаушыларға автобустардың бекітілген кестеге сәйкес қозғалысын қамтамасыз ету жөнінде тиісті тапсырмалар берілді. Жолаушылар ағыны мен қозғалыс интервалы тұрақты түрде бақылауға алынып, графиктің сақталмауын болдырмау мақсатында мониторинг жұмыстары күшейтіледі.

    ulytau-transport·
    Сұрақ

    2030 жылға дейін қандай ірі көлік жобалары жоспарланған?

    Жауап

    2026–2030 жылдары жүзеге асырылатын негізгі жобалар: «Жезқазған – Қарағанды» автожолын реконструкциялау (335 шақырым), қаржыландыру көзі — Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (ХКДБ); «Сәтбаев – Малшыбай» бағыты бойынша 30 шақырым жолды қайта жаңарту; «Алғабас – Шұбаркөл» бағытында 20 шақырым жаңа жол салу. Бұл жобалар өңірдің транзиттік әлеуетін арттырып, сапалы әрі жылдам көлік қатынасын қамтамасыз етеді. 2030 жылға дейін облыс бойынша ірі инфрақұрылымдық жобаларды атап өтсек, олардың қатарында Қарағанды–Жезқазған автомобиль жолын реконструкциялау, «Сәтбаев - Малшыбай» 30 шақырым (163 шқ – 193 шқ) жол учаскесін қайта жаңарту. Сондай-ақ Алғабас–Шұбаркөл автожолын салу жобалары бар. Аталған жобалар өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін арттыруға, елді мекендер арасындағы байланысты жақсартуға және транзиттік мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған. Сонымен қатар, бұл жобаларды іске асыру жол қауіпсіздігін арттырып, жол жабынының сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. жұмыс: мерзімі 2026-2029ж бюджет-РБ,ОБ; Жауапты ұйымдар:«ҚазАвтоЖол», Ұлытау облысының әкімдігі.

    ulytau-transport·
    Сұрақ

    Қандай елді мекендерде жол жөндеу жұмыстары жүргізілді және олардың көлемі қандай?

    Жауап

    2025 жылы орташа жол жөндеу жұмыстары төмендегі елді мекендерде атқарылды : Жезқазған қаласы — 16 шақырым, 12 көшеде, ШМА (шағылтасты-мастикалы асфальт) жаңа технологиясы қолданылды; Сәтбаев қаласы — 7,53 шақырым, 8 көшеде; Қаражал қаласы — 13 шақырым, жұмыстар толық аяқталды; Жәйрем кенті — 4,82 шақырым, жұмыстар орындалды. Жезқазған және Сәтбаев қалаларының көшелерінде жол жабынының сапасын арттыру және пайдалану мерзімін ұзарту мақсатында шағылтасты-мастикалы асфальт (ШМА) кеңінен қолданылуда. Аталған технология жоғары беріктігімен, тозуға және көлік жүктемесіне төзімділігімен ерекшеленеді. ШМА жабыны жолда ойықтар мен іздердің (колея) пайда болуын азайтып, көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етеді. Осыған байланысты бұл материал қалалық маңызы бар көшелерді жөндеу және жаңғырту жұмыстарында тиімді шешім ретінде пайдаланылуда.

    ulytau-transport·
    Сұрақ

    Автобус маршруттарына өзгеріс енгізу, қосалқы аялдамалар қосу және өзге де ұсыныстар.

    Жауап

    Маршруттық желіні өзгерту және жаңа аялдамалар енгізу мәселесі жолаушылар ағынының көлеміне, жол инфрақұрылымына және қауіпсіздік талаптарына сәйкес қарастырылады. Сіздің ұсыныстарыңыз тиісті бөлімше мамандарымен қаралып, талдау нәтижесіне қарай тиісті шешім қабылданатын болады.

    ulytau-transport·
    Сұрақ

    Жүргізушінің дөрекі сөйлеуі және жол жүру кезінде телефон қолдануы.

    Жауап

    Мұндай құқықбұзушылықтарды болдырмау үшін жүргізушілерге тұрақты түрде қызметтік нұсқаулықтар мен тәртіп ережелері түсіндіріледі. Дөрекі мінез көрсету, сондай-ақ жол жүру кезінде телефон қолдану көлік қауіпсіздігі талаптарын өрескел бұзу болып саналады, сондықтан анықталған әрбір факті бойынша нақты шаралар қабылданады. Мұндай жағдайларда сіз бұл оқиға туралы "Сенім 109" арқылы хабарлай аласыз, тасымалдаушы жүргізушіні сыйақысынан айыру арқылы айыппұл салады, ал жүйелі түрде қайталанған бұзушылықтар болған жағдайда жұмыстан шығаруға дейінгі шаралар қолданылады.

    ulytau-transport·
    Сұрақ

    Тиісті аялдамаға тоқтамай өтіп кету мәселесі.

    Жауап

    Бұл фактілер бойынша жүргізушілерге қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, талаптарды бұзған қызметкерлерге тәртіптік шара қолдану қарастырылған. Аялдамаларда толық тоқтау және жолаушыларды қауіпсіз отырғызу/түсіру міндеттері қатаң бақылауда болады.

    ulytau-transport·
    Сұрақ

    «Ұлытау – Арқалық» автожолында қазір қандай жұмыстар жүргізілуде?

    Жауап

    «Ұлытау–Арқалық» автомобиль жолының 163–193 км және 208–252 км учаскелерінде (жалпы ұзындығы – 74 км) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 2026 жылы барлық 74 км пайдалануға беру жоспарлануда. Республикалық бюджеттен жобаны толық аяқтау үшін7 млрд теңге бөлінді. Мердігерлер – Дәулет-Дорстрой ЖШС, Омар-Транс ЖШС ,АвтоДорСервис-НС ЖШС.

    ulytau-transport·
    Сұрақ

    Автобус кесте бойынша келмесе не істеу керек?

    Жауап

    Егер автобус кесте бойынша келмесе, жолаушы тасымалдаушының диспетчерлік қызметіне хабарласа алады, сайтта шағым қалдыра алады немесе жолаушылар тасымалы басқармасына жүгінуіне болады. Мұндай өтініштер тасымал сапасын бақылауға көмектеседі .Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңы, 18 және 20-баптар. Мұндай жағдайларда сіз бұл оқиға туралы "Сенім 109" арқылы хабарлай аласыз, жергілікті атқарушы орган тиісті шаралар қабылдайды, әрбір бұзушылық үшін тасымалдаушыға айыппұл салады (әрбір бұзушылық үшін субсидия сомасының 0,1%-ы ұсталады)

    ulytau-transport·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.