2026–2030 жылдары жүзеге асырылатын негізгі жобалар:
- «Жезқазған – Қарағанды» автожолын реконструкциялау (335 шақырым), қаржыландыру көзі — Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (ХКДБ);
- «Сәтбаев – Малшыбай» бағыты бойынша 30 шақырым жолды қайта жаңарту;
- «Алғабас – Шұбаркөл» бағытында 20 шақырым жаңа жол салу.
Бұл жобалар өңірдің транзиттік әлеуетін арттырып, сапалы әрі жылдам көлік қатынасын қамтамасыз етеді.
2030 жылға дейін облыс бойынша ірі инфрақұрылымдық жобаларды атап өтсек, олардың қатарында Қарағанды–Жезқазған автомобиль жолын реконструкциялау, «Сәтбаев - Малшыбай» 30 шақырым (163 шқ – 193 шқ) жол учаскесін қайта жаңарту. Сондай-ақ Алғабас–Шұбаркөл автожолын салу жобалары бар. Аталған жобалар өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін арттыруға, елді мекендер арасындағы байланысты жақсартуға және транзиттік мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған. Сонымен қатар, бұл жобаларды іске асыру жол қауіпсіздігін арттырып, жол жабынының сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
жұмыс: мерзімі 2026-2029ж
бюджет-РБ,ОБ;
Жауапты ұйымдар:«ҚазАвтоЖол», Ұлытау облысының әкімдігі.