2025 жылы орташа жол жөндеу жұмыстары төмендегі елді мекендерде атқарылды:
- Жезқазған қаласы — 16 шақырым, 12 көшеде, ШМА (шағылтасты-мастикалы асфальт) жаңа технологиясы қолданылды;
- Сәтбаев қаласы — 7,53 шақырым, 8 көшеде;
- Қаражал қаласы — 13 шақырым, жұмыстар толық аяқталды;
- Жәйрем кенті — 4,82 шақырым, жұмыстар орындалды.
Жезқазған және Сәтбаев қалаларының көшелерінде жол жабынының сапасын арттыру және пайдалану мерзімін ұзарту мақсатында шағылтасты-мастикалы асфальт (ШМА) кеңінен қолданылуда. Аталған технология жоғары беріктігімен, тозуға және көлік жүктемесіне төзімділігімен ерекшеленеді. ШМА жабыны жолда ойықтар мен іздердің (колея) пайда болуын азайтып, көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етеді. Осыған байланысты бұл материал қалалық маңызы бар көшелерді жөндеу және жаңғырту жұмыстарында тиімді шешім ретінде пайдаланылуда.