Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі сараптама ұйымдарын аккредиттеу аттестатын алу үшін не қажет?

    Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

    Сұрақ

    Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі сараптама ұйымдарын аккредиттеу аттестатын алу үшін не қажет?

    Жауап

    Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптамалық ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына сәйкес аккредиттеру аттестатын алу үшін заңды және жеке тұлғалар ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетіне «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесіндегі өтініш береді.

    Өтінішке қоса беріледі:

    - сараптама ұйымының мамандары құжаттарының көшірмелерін: «өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша жоғары білім; өзге де жоғары білім және мемлекеттік және (немесе) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердегі жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

    - мамандарды жұмысқа қабылдау туралы еңбек шарттары;

    - сараптама ұйымына меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде тиесілі үй-жай туралы құжаттардың көшірмелері.

    Құжаттардың толық топтамасы ұсынылған жағдайда, тиісті тексеру жүргізілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы шешім туралы хабардар етіледі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Ғимараттар мен құрылыстарды жобалау және салу сатыларында рұқсат етілген өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуын анықтаған кезде қандай шаралар қабылдау қажет?

    Жауап

    "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңға сәйкес объектілер құрылысының сапасын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалау, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген осы объектілердегі сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану, сондай-ақ жобалық құрылыстың сапасын қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру құжаттаманы жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. Осыған байланысты, ғимараттар мен құрылыстарды жобалау және салу сатысында жол берілген өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуын анықтаған кезде аумақтылығы бойынша тиісті әкімдіктерге жүгіну қажет.

    Сұрақ

    Бір қабатты жеке тұрғын үйлерде өрт хабарлағыштарын орнату талап етіле ме?

    Жауап

    ҚР ҚН 3.02-02-2023 «Бір пәтерлі тұрғын үйлерді және олардың инженерлік жүйелерін жобалау» 5.3.10-тармағына және Өрт қауіпсіздігі қағидаларының 154-1 тармағына сәйкес, тұрғын үй-жайлар автономды оптика-электронды түтіндік өрт хабарлағыштарымен жабдықталады. Мұндай талап өрттің уақтылы анықталуын қамтамасыз етуге, адамдарды эвакуациялау үшін шаралар қабылдауға, өрттің таралуын шектеуге, адам өлімі мен материалдық залал қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Автономды өрт датчиктері - бұл өздігінен жұмыс істейтін және өрт дабылы жүйелеріне қосылмайтын тұрмыстық өнім. Оларды пайдалану оңай. Өрт хабарлағыштары үшін сертификаттың болуы, сондай-ақ толық техникалық және пайдалану сипаттамасы (нұсқаулық, орнату бойынша ұсынымдар, кепілдік міндеттемелер) болуы міндетті. ТЖМ өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау меншік нысанына және қызмет түріне қарамастан барлық адамдар үшін міндетті болып табылатынына назар аударады. Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жауапкершілігі олардың иелеріне толығымен жүктеледі.

    Сұрақ

    Өртте балалардың өлімімен топтық жағдайлар жиі кездеседі. Мұндай қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін ТЖМ не істеп жатыр?

    Жауап

    Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері ТЖМ қызметі басты назарда болатын негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Осы бағыттағы жұмысты күшейтуге бағытталған шаралар кешені қабылдануда. Біріншіден, әр өңірде азаматтармен ауқымды үгіт-профилактикалық іс-шаралар (кездесулер, әңгімелер, нұсқамалар, рейдтер, азаматтармен жиындар, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде жадынамалар тарату) өткізіледі. Екіншіден, әлеуметтік осал отбасылармен нүктелік (атаулы) түсіндіру жұмыстары жүргізілуде (профилактикалық сапарлармен көп балалы отбасылар, мүгедек отбасылар немесе бейәлеуметтік өмір сүрушілер қамтылады). Үшіншіден, балабақшалардан бастап және бүкіл мектеп кезеңінде балалармен тікелей жұмыс жүргізіледі. Еліміздің барлық оқу орындарында қауіпсіздік мәселелерін зерделей отырып, сынып сағаттары өткізіледі. ТЖ кезінде қауіпсіз мінез-құлық бойынша білім деңгейін арттыру үшін білім беру ұйымдарында оқушылар мен оқытушыларды тарта отырып, нұсқамалар мен оқу орындарының ғимараттарынан қауіпсіз эвакуациялау бойынша оқу-жаттығулар өткізіледі. Өскелең ұрпақты ТЖ-ға жан-жақты дамыту және дайындау, ТЖ іс-қимыл дағдыларын алу және жетілдіру мақсатында өңірлердің білім беру ұйымдарының базасында 2,5 мыңға жуық «Жас құтқарушы» үйірмелері және т.б. құрылды. Алайда, барлық жерде өткізілетін іс-шаралар кешеніне қарамастан, балалардың өлімі мен жарақат алу жағдайлары жалғасуда. Трагедияның көпшілігі балаларды қараусыз қалдыруға, сондай-ақ ересектердің өрт қауіпсіздігінің қарапайым шараларын сақтамауына байланысты (электр желілерін шамадан тыс жүктеу, жылыту пештері мен электр жүйелерін уақтылы жөндемеу, мұржаларды күйеден тазарту).

    Сұрақ

    Өрт-техникалық минимум бойынша оқыту курсын өткізу кезінде ҚР заңнамасына сәйкес қағаз жеткізгіштердегі дәстүрлі құжаттармен қатар электрондық-цифрлық құжаттарды (куәлік және хаттама) жүргізуге бола ма?

    Жауап

    «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңға сәйкес уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-сы бар электрондық құжат қағаз құжатқа теңестіріледі. Түпнұсқаны дәл қайталайтын бағдарламалар қолданылған жағдайда хаттамалар мен куәліктердің қағаз нұсқаларына ұқсас электрондық нұсқаларын пайдалануға рұқсат етіледі. Заңды тұлғалар арасындағы шарттарды орындау кезінде интернетсіз шалғай аудандарда қызметкерлерді оқытатын ұйымдардың қажеттіліктерін ескеру маңызды. Комиссия отырысының хаттамасына және өрт қауіпсіздігі саласындағы білімді тексеру жөніндегі куәлікке тиісінше комиссия мүшелері мен оқу орталығының басшысы қол қоюға тиіс.

    Сұрақ

    Өрт-техникалық минимум бойынша оқыту курсын қашықтықтан («online» режимінде) өткізуге жол беріле ме?

    Жауап

    Азаматтық қорғау саласындағы заңнамада ұйымдардың қызметкерлерін өрт қауіпсіздігі шараларына онлайн форматта оқытуды көздейтін талаптар регламенттелмеген. Ұйым қызметкерлерін және халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидаларында және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптарда (ТЖМ-нің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 276 бұйрығы) ұйым қызметкерлерінің объектіде өрт болған жағдайда өз бетінше әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға бағытталған оқыту тәртібі мен практикалық жаттығулар рәсімі белгіленген. Осылайша өрт-техникалық минимумның бағдарламасы бойынша қашықтықтан оқытуға («on-line» режимі) жол берілмейді.

    Сұрақ

    Қауіпті техникалық құрылғыларды және қауіпті өндірістік объектілерді қалай есепке қойып және есептен шығаруға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 77-бабы және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 485 бұйрығымен бекітлген Қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару қағидаларына сәйкес қауіпті өндірістік объектілерді есепке қою және есептен шығару үшін қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйым басшысы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру жөніндегі ақпаратты қоса бере отырып өтініш береді. Қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою және есептен шығару үшін қауіпті техникалық құрылғыны пайдаланатын ұйым басшысы өнеркәсіптік объектілерде – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтың бөлімшесіне өтініш береді. Өтініште есепке қою немесе есептен шығару үшін қауіпті техникалық құрылғыны сәйкестендіру негіздері көрсетіледі. Қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою және есептен шығару кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің қауіпті техникалық құрылғыларды есепке алу журналында тиісті жазба жасалады.

    Сұрақ

    Шахталық оқшаулайтын өзіқұтқарғыштарға рұқсат алу қажет пе?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы «Азаматтық қорғау туралы» Заңның 74-бабы 6-тармағының 2-абзацына сәйкес. Қазақстан Республикасы «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 12-2-бабының 7) тармақшасына сәйкес қауіпті өндірістік объектілерде, қауіпті техникалық құрылғыларда қолданылатын технологияларды қолдануға рұқсат Қазақстан Республикасының аумағында нарықтың барлық субъектілері үшін қолданылады және оларды қайта алу талап етілмейді. Техникалық құрылғылардың құрамына кіретін тораптарды, бөлшектерді, аспаптарды, жинақтаушы бұйымдарды, қосалқы бөлшектерді, сондай-ақ сәйкестікті растау (сертификаттау) рәсімінен өткен техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру талап етілмейді. Шахталық оқшаулайтын өзіқұтқарғыш қауіпті техникалық құрылғыға жатпайды және оны пайдалануға рұқсат алу талап етілмейді

    Сұрақ

    Жер асты жағдайында жұмыс істейтін машинистің басқару құқығына куәлігі болуы керек пе?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 352 бұйрығымен бекітлген Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының 1061-тармағы 4) тармақшасына сәйкес іштен жану қозғалтқышы бар машинаны басқаруға, оқудан өткен және жерасты жағдайында машинаны жүргізуге құқық беретін куәлігі бар тұлға жіберіледі.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.