Бір қабатты жеке тұрғын үйлерде өрт хабарлағыштарын орнату талап етіле ме?
ҚР ҚН 3.02-02-2023 «Бір пәтерлі тұрғын үйлерді және олардың инженерлік жүйелерін жобалау» 5.3.10-тармағына және Өрт қауіпсіздігі қағидаларының 154-1 тармағына сәйкес, тұрғын үй-жайлар автономды оптика-электронды түтіндік өрт хабарлағыштарымен жабдықталады. Мұндай талап өрттің уақтылы анықталуын қамтамасыз етуге, адамдарды эвакуациялау үшін шаралар қабылдауға, өрттің таралуын шектеуге, адам өлімі мен материалдық залал қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Автономды өрт датчиктері - бұл өздігінен жұмыс істейтін және өрт дабылы жүйелеріне қосылмайтын тұрмыстық өнім. Оларды пайдалану оңай. Өрт хабарлағыштары үшін сертификаттың болуы, сондай-ақ толық техникалық және пайдалану сипаттамасы (нұсқаулық, орнату бойынша ұсынымдар, кепілдік міндеттемелер) болуы міндетті. ТЖМ өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау меншік нысанына және қызмет түріне қарамастан барлық адамдар үшін міндетті болып табылатынына назар аударады. Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жауапкершілігі олардың иелеріне толығымен жүктеледі.