Бірінші АЭС құрылысы қандай сатыда?

    Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

    Сұрақ

    Бірінші АЭС құрылысы қандай сатыда?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Атом электр станциясы» ядролық қондырғысы салынатын ауданы туралы» 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 1137 қаулысымен Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылыс ауданы ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданы болып белгіленді.

    Кейіннен, ашық бәсекелестік диалог әдісімен, бұған дейін «шорт-листке» енген компаниялардың өндірістік нысандарын аралай отырып, реакторлық технологияларды жеткізуші әлемдік жетекші компания өкілдерімен келіссөздер жүргізілді.

    Анықтама:«Шорт тізіміне» «Росатом» МК (РФ), «China National Nuclear Corporation» (ҚХР), «Électricité de France» (Франция) және «Korea Hydro & Nuclear Power» (Оңтүстік Корея) кірді.

    Агенттік француздық Assystem инженерлік компаниясының қатысуымен «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС-мен (бұдан әрі – «ҚАЭС» ЖШС) бірлесіп әзірленген әдістеме негізінде ұсынылған реакторлық технологияларға және әлеуетті вендорлардың басқа да ұсыныстарына, оның ішінде қауіпсіздік, технологиялықпен қаржылық аспектілер, халықаралық тәжірибе, персоналды даярлау, оқшаулау деңгейі және т.б. бөлімдерге интеграцияланған бағалау жүргізілді.

    Жүргізілген талдаудың нәтижелері әртүрлі ведомствоаралық алаңдарда қарастырылды, олардың қорытындысы бойынша Қазақстандағы алғашқы АЭС салу жөніндегі халықаралық консорциумның көшбасшысы ретінде «Росатом» МК анықталды.

    Бірінші АЭС құрылысы үшін басым алаңды анықтау мақсатында 2025 жылғы 8 тамызда Алматы облысының Жамбыл ауданында инженерлік-іздестіру жұмыстары басталды. Инженерлік іздестірулерді жүргізудің мақсаты - электр станциясын орналастыру үшін барынша қауіпсіз әрі тиімді алаңды таңдауға әсер ететін табиғи, геологиялық, сейсмикалық, гидрологиялық, техногендік және әлеуметтік факторларды кешенді бағалау. Іздестіру жұмыстарын жүргізу мерзімі шамамен 18 айды құрайды, осы уақыт ішінде алаңның сипаттамалары туралы объективті деректер алу үшін барлық маусымдық өзгерістерді қоса алғанда, табиғи және климаттық жағдайлардың толық жылдық циклін зерделеу қажет. Бұл жер асты сулары деңгейінің маусымдық ауытқуларына, су тасқыны мен метеорологиялық құбылыстарға, сейсмикалық белсенділікке байланысты тәуекелдерді жан-жақты бағалау, сондай-ақ табиғи факторлардың құрылысқа және АЭС одан әрі қауіпсіз пайдалануға ықтимал әсерін ескеру үшін қажет. Іздестіру нәтижелері ұлттық және халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес жоба алдындағы құжаттаманы дайындаудың және АЭС-ті одан әрі жобалаудың негізі болады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларының 85-тармағына сәйкес, тапсырыс беруші қорытынды хаттамасына қол қойылған және тізілімнің ашық бөлігінде орналастырылған күннен кешіктірмей хабарлама қалыптастыруға және оны жеңімпаздың электрондық поштасына жіберуге міндетті. Алайда, тапсырыс беруші біздің мекенжайымызға мұндай хабарлама жіберген жоқ

    Жауап

    Қағидалардың 85-тармағы не талап етеді: Қағидалардың 85-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тапсырыс беруші: жүйеде қорытынды хаттамасына қол қойылған және орналастырылған күні; тізілімде (жүйеде) хабарлама қалыптастыруға; бұл хабарламаны жеңімпаздың электрондық поштасына жіберуге; хабарламада ТЖҚ сатып алу туралы қол қойылған шартты ұсыну мерзімін көрсетуге міндетті. Іс жүзінде не болды: Тапсырыс беруші жеңімпаздың электрондық поштасына тиісті хабарламаны жібермеген. Қорытынды: Хабарламаны қалыптастыру және жіберу міндеті Қағидалардың 85-тармағында көзделгендіктен, ал хабарлама жіберілмегендіктен, тапсырыс беруші ашық конкурс қорытындысы бойынша шарт жасасу кезінде Қағидалардың 85-тармағының талаптарын бұзған.

    Сұрақ

    Сәйкессіздіктер расталған жағдайда, заңнамаға және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес шаралар қолдануды, соның ішінде ашық конкурсты өтпеді деп тануды сұраймыз

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Кодексінің 179-бабының 1-тармағына сәйкес, жер қойнауын пайдаланушылар уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың белгіленген тәртібін бұзғаны үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың талаптарына сәйкес жауапты болады. Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Кодексінің 278-бабының 31-тармағына сәйкес, жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің сатып алудың белгіленген тәртібін бұза отырып немесе көзделген рәсімдерден тыс жүзеге асырған шығыстары келісімшарттық міндеттемелерді орындау ретінде есепке алынбайды. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Агенттік тарапынан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шаралар қолданылатын болады.

    Сұрақ

    Осы Сатып алуды конкурстық өтінімдерді қараудың тең құқықты және әділ шарттарында қайта жариялау туралы өкім беруіңізді сұраймыз.

    Жауап

    Қағидалардың 86-тармағына сәйкес, уран саласындағы уәкілетті орган Қағидалардың ережелерін түсіндіреді. Әлеуетті өнім беруші Қағидалар негізінде өткізілетін конкурстардың қорытындыларына сот тәртібімен шағымдануға құқылы.

    Сұрақ

    Біз қоса берген құжаттама архивін жүктеу кезінде барлық талап етілген құжаттардың бар екендігі расталады. Жіберілген бұзушылықтарды қарастыруды және «Tizilim» (https://tizilim.gov.kz/) порталындағы №___ Сатып алудың күшін жоюды сұраймыз, себебі конкурстық комиссия тарапынан бұзушылықтарға жол берілген.

    Жауап

    «Tizilim» порталында орналастырылған «__ » ТЖҚ (тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) сатып алу бойынша ашық конкурстың қорытындысын шығару туралы № хаттамасына сәйкес, «Ескертпе» бағанында Сіздің тарапыңыздан қарыз берешегі (ссудная задолженность) туралы анықтама ұсынылғаны көрсетілген. Сонымен қатар, Қағидалардың 41-тармағының 2) тармақшасының талаптарында банктің әлеуетті өнім берушінің банк алдындағы міндеттемелері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы анықтамасын ұсыну көзделген. Осылайша, ұсынылған анықтама өзінің мазмұны бойынша белгіленген талаптарға сәйкес келмейді, бұл өтінімді қабылдамауға негіз болды.

    Сұрақ

    Біз №___ Сатып алуға қатысу үшін қажетті барлық құжаттаманы жинап, қоса бердік. Алайда, біздің өтініміміз «Қағидалардың 41, 42 және 43-тармақтарында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған» деген негізбен қабылданбады. Қабылдамау негіздерін түсіндіруді сұраймыз.

    Жауап

    Қағидалардың 66-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, конкурстық комиссия Қағидалардың 41, 42 және 43-тармақтарында көзделген құжаттар ұсынылмаған жағдайда, өтінімді қабылдамауға және әлеуетті өнім берушіні ашық конкурсқа қатысуға жібермеуге міндетті. Қағидалардың 41-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, конкурстық өтінімде әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің (немесе банк филиалының) осы банктің алдында мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы анықтамасының электрондық көшірмесі болуы тиіс. Егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының бірнеше екінші деңгейдегі банктерінде немесе шетелдік банкте қызмет көрсетілсе, тиісті анықтама олардың әрқайсысынан ұсынылуы керек. Анықтама конкурстық өтінімдерді ашу күніне дейін бір айдан ерте емес мерзімде берілуі тиіс.

    Сұрақ

    Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарында қандай мақсаттар бар?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарында бір мақсат көзделген, бұл «Қазақстан Республикасының атом саласын дамытуды қамтамасыз ету».

    Сұрақ

    Агенттік қандай стратегиялық мемлекеттік жоспарлау құжатын бекітті?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі Агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 30 желтоқсанда № 104-н/қ бұйрығымен «Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары» бекітілді.

    Сұрақ

    Кез келген қала Ғылым қаласы бола ала ма?

    Жауап

    Әрбір қала Ғылым қаласы мәртебесін ала алмайды. Ол үшін арнайы талаптар орындалуы тиіс. Негізгі талап – қалада ғылыми қызметкерлердің саны жеткілікті болуы қажет. Олардың саны қаладағы еңбекке қабілетті және жұмыс істейтін халықтың кемінде 3%-ын құрауы тиіс.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.