Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

    Агенттік туралы

    Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, атом энергиясын пайдалану, уранды барлау және өндіру бөлігінде жер қойнауын пайдалану, атом өнеркәсібі, халықтың ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық қорғау, Қазақстан Республикасының аумағында ядролық қаруды таратпау режимін қамтамасыз ету, Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру және оның жұмыс істеуі саласындағы (бұдан әрі – реттелетін салалар) мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды және мемлекеттік реттеуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде реттелетін салаларда салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ашу

    Атом саласының мамандары жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталды

    Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі
    Ашу

    10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары

    Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі
    Ашу

    Қазақстан мен Қытай атом саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

    Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі
    Ашу

    Ядролық физика институты жаңа циклотронмен толықты: ядролық медицина мүмкіндіктері кеңеюде

    Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі
    Ашу

    Агенттікте «Мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуына және ойын мекемелеріне баруына жол бермеу бойынша алдын алу» тақырыбында семинар өтті

    Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі
    Ашу

    Алматыда ТМД – ға қатысушы мемлекеттердің атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі комиссиясының 27-ші отырысы өтті

    Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларының 85-тармағына сәйкес, тапсырыс беруші қорытынды хаттамасына қол қойылған және тізілімнің ашық бөлігінде орналастырылған күннен кешіктірмей хабарлама қалыптастыруға және оны жеңімпаздың электрондық поштасына жіберуге міндетті. Алайда, тапсырыс беруші біздің мекенжайымызға мұндай хабарлама жіберген жоқ

    Жауап

    Қағидалардың 85-тармағы не талап етеді: Қағидалардың 85-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тапсырыс беруші: жүйеде қорытынды хаттамасына қол қойылған және орналастырылған күні; тізілімде (жүйеде) хабарлама қалыптастыруға; бұл хабарламаны жеңімпаздың электрондық поштасына жіберуге; хабарламада ТЖҚ сатып алу туралы қол қойылған шартты ұсыну мерзімін көрсетуге міндетті. Іс жүзінде не болды: Тапсырыс беруші жеңімпаздың электрондық поштасына тиісті хабарламаны жібермеген. Қорытынды: Хабарламаны қалыптастыру және жіберу міндеті Қағидалардың 85-тармағында көзделгендіктен, ал хабарлама жіберілмегендіктен, тапсырыс беруші ашық конкурс қорытындысы бойынша шарт жасасу кезінде Қағидалардың 85-тармағының талаптарын бұзған.

    Сұрақ

    Сәйкессіздіктер расталған жағдайда, заңнамаға және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес шаралар қолдануды, соның ішінде ашық конкурсты өтпеді деп тануды сұраймыз

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Кодексінің 179-бабының 1-тармағына сәйкес, жер қойнауын пайдаланушылар уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың белгіленген тәртібін бұзғаны үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың талаптарына сәйкес жауапты болады. Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Кодексінің 278-бабының 31-тармағына сәйкес, жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің сатып алудың белгіленген тәртібін бұза отырып немесе көзделген рәсімдерден тыс жүзеге асырған шығыстары келісімшарттық міндеттемелерді орындау ретінде есепке алынбайды. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Агенттік тарапынан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шаралар қолданылатын болады.

    Сұрақ

    Осы Сатып алуды конкурстық өтінімдерді қараудың тең құқықты және әділ шарттарында қайта жариялау туралы өкім беруіңізді сұраймыз.

    Жауап

    Қағидалардың 86-тармағына сәйкес, уран саласындағы уәкілетті орган Қағидалардың ережелерін түсіндіреді. Әлеуетті өнім беруші Қағидалар негізінде өткізілетін конкурстардың қорытындыларына сот тәртібімен шағымдануға құқылы.

    Сұрақ

    Біз қоса берген құжаттама архивін жүктеу кезінде барлық талап етілген құжаттардың бар екендігі расталады. Жіберілген бұзушылықтарды қарастыруды және «Tizilim» (https://tizilim.gov.kz/) порталындағы №___ Сатып алудың күшін жоюды сұраймыз, себебі конкурстық комиссия тарапынан бұзушылықтарға жол берілген.

    Жауап

    «Tizilim» порталында орналастырылған «__ » ТЖҚ (тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) сатып алу бойынша ашық конкурстың қорытындысын шығару туралы № хаттамасына сәйкес, «Ескертпе» бағанында Сіздің тарапыңыздан қарыз берешегі (ссудная задолженность) туралы анықтама ұсынылғаны көрсетілген. Сонымен қатар, Қағидалардың 41-тармағының 2) тармақшасының талаптарында банктің әлеуетті өнім берушінің банк алдындағы міндеттемелері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы анықтамасын ұсыну көзделген. Осылайша, ұсынылған анықтама өзінің мазмұны бойынша белгіленген талаптарға сәйкес келмейді, бұл өтінімді қабылдамауға негіз болды.

    Сұрақ

    Біз №___ Сатып алуға қатысу үшін қажетті барлық құжаттаманы жинап, қоса бердік. Алайда, біздің өтініміміз «Қағидалардың 41, 42 және 43-тармақтарында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған» деген негізбен қабылданбады. Қабылдамау негіздерін түсіндіруді сұраймыз.

    Жауап

    Қағидалардың 66-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, конкурстық комиссия Қағидалардың 41, 42 және 43-тармақтарында көзделген құжаттар ұсынылмаған жағдайда, өтінімді қабылдамауға және әлеуетті өнім берушіні ашық конкурсқа қатысуға жібермеуге міндетті. Қағидалардың 41-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, конкурстық өтінімде әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің (немесе банк филиалының) осы банктің алдында мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы анықтамасының электрондық көшірмесі болуы тиіс. Егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының бірнеше екінші деңгейдегі банктерінде немесе шетелдік банкте қызмет көрсетілсе, тиісті анықтама олардың әрқайсысынан ұсынылуы керек. Анықтама конкурстық өтінімдерді ашу күніне дейін бір айдан ерте емес мерзімде берілуі тиіс.

    Сұрақ

    Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарында қандай мақсаттар бар?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарында бір мақсат көзделген, бұл «Қазақстан Республикасының атом саласын дамытуды қамтамасыз ету».

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.