Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы кім және оны анықтау қандай тәртіппен жүзеге асырылады?
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі-қағидалар) 40-тармағына сәйкес Бірыңғай ұйымдастырушы ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтерді, кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаға жеке меншік құқығымен тиесілі тұрғынжайды мемлекеттік сатып алуларды қоспағанда, уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады. Бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау "Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 28 тамыздағы № 589 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Бұдан басқа, Қағидалардың 41-тармағында Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы осындай сатып алуды өткізумен бірыңғай ұйымдастырушы келіскен жағдайда, Қағидалардың 40-тармағында көзделген тізбелерге енгізілмеген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға тапсырыс берушілердің өтінімдері бойынша орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға құқылы екендігі көзделген.