Мемлекеттік мүлік жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға алуға) қалай беріледі
1, Баланс ұстаушы артық және пайдаланылмайтын объектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру үшін жалға берушіге тізілімнің веб-порталында объект туралы ақпарат береді (Объект туралы ақпараттың дұрыстығын баланс ұстаушы қамтамасыз етеді). 2. Жалға беруші объект туралы ақпаратты баланс ұстаушы ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды. 3. Жалға беруші объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру туралы шешім қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде тізілімді веб-порталда орналастыруды қамтамасыз етеді. 4. Қорытынды шығару, шарт жасасу, қабылдау-тапсыру актісін жасау. 5. Шарт талаптарының тиісінше орындалуы кезінде шарттың қолданылу мерзімін ұзарту құқығымен үш жылдан аспайтын мерзімге жасалады. Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту жөніндегі қосымша келісім екі реттен артық жасалмайды. Негізгі шарттың қолданылуын ұзартудың жалпы мерзімі үш жылдан аспауға тиіс. Объектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге екі және одан да көп өтінім берілген жағдайда тендер өткізу арқылы жүзеге асырылады (күнтізбелік 15 күн). 6. Тендерлік комиссияны өткізу. 7. Кепілдік жарнаны бекіту (Жылжымайтын мүлік объектісін беру кезінде тендерге қатысу үшін кепілдік жарна жалдаушының қызмет түрі мен ұйымдық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициенттер қолданылмай және ғимараттағы үй-жайлардың бір бөлігін мүліктік жалдауға беру кезінде ортақ пайдалану орындарына қолжетімділікті ескермей есептелген объект үшін айлық жалдау ақысы мөлшерінде белгіленеді. Өзге мүлік берілген кезде кепілдік жарна айлық жалдау ақысы мөлшерінде белгіленеді). 8. Қорытынды шығару, шарт жасасу, қабылдау-тапсыру актісін жасау.