Тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісінде не көзделеді?

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

    Сұрақ

    Тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісінде не көзделеді?

    Жауап

    «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңы
    17-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес, тарифтік реттеудің ынталандыру әдісі қолданылатын тарифті уәкілетті орган реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерін және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштерін ескере отырып, бес және одан көп жыл мерзімге бекітеді.

    Тарифтік реттеудің ынталандыру әдісі мыналарды көздейді:

    1) экономикалық негізділігін ескере отырып, тарифте есепке алынатын шығындардың түрлері мен мөлшерлерін шектеу;

    2) тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгілік нормалар мен нормативтердің негізінде айқындалған, олар болған жағдайда шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларын, нормативтік техникалық ысыраптарды, персоналдың нормативтік санын қолдану. Осы тармақшаның күші тарифтік реттеудің шығындық әдісінен тарифтік реттеудің ынталандыру әдісіне өткен жағдайда тарифті бекіту кезінде қолданылады;

    3) бақыланатын және бақыланбайтын шығындарды айқындау;

    4) бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындамағаны үшін уақытша өтемдік тарифті және бақыланбайтын шығындарды бекіту;

    5) инвестицияланған капиталды қайтаруды және инвестицияланған капиталдың кірістілік нормаларын, сондай-ақ табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынуы кезінде тартылған активтерінің баланстық құнын және уәкілетті орган айқындаған әдіс бойынша есептелген пайда мөлшерлемесін ескере отырып пайданы айқындау;

    6) реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерін айқындау;

    7) табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштерін айқындау;

    8) тозуды есепке жазудың тікелей әдісін қолдану;

    9) инвестициялық бағдарламаны бекіту.

    10) экономикалық және технологиялық тұрғыдан оң әсер алу мақсатында жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге, қазіргі заманғы инфрақұрылым құруға және оны дамытуға бағытталған реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде инновацияларды енгізу.

    Тарифті қалыптастыру қағидаларының 208-126, 208-127-тармақтарына сәйкес (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген) реттеуші кезеңнің әрбір жылында өнімділік пен тиімділікті ынталандыру тетігі қолданылады, оның мақсаты субъектіні сапа мен сенімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуге ынталандыру, оның ішінде инновациялық шешімдерді ескере отырып. Өнімділік пен тиімділікті ынталандыру тетігі тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндеріне қатысты қол жеткізілген тиімділік көрсеткіштеріне байланысты субъектінің рұқсат етілген кірісіне енгізілетін бекітілген рұқсат етілген пайданы төмендету түріндегі айыппұл санкцияларын көздейтін жыл сайынғы түзету арқылы іске асырылады.

    Мысалы, «Теплокоммунэнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны үшін Қазақстан Республикасы Ұлттыық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің 2024 жылғы 13 маусымдағы № 38-НҚ бұйрығымен тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісі бойынша 2025 жылғы 1 шілдеден бастап 2026 жылғы 30 маусым аралығындағы кезеңге жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және өткізу жөніндегі қызметтерге тариф бекітілді, мұнда, мысалы, негізгі құралдардың тозуын азайту, аварияларды азайту, іс-шараларды уақтылы аяқтау , инвестициялық бағдарламада көзделген күндер саны; жылу энергиясын өндіру көздері бойынша температуралық кестенің рұқсат етілген мәндерінен ауытқулармен жылына расталған күндер саны сияқты сапа, сенімділік және тиімділік көрсеткіштері белгіленген.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жеке тұлғаларды механикалық көлік құралдарын алғашқы мемлекеттік тіркегені үшін алым төлеуден босату мүмкіндігі бар ма?

    Жауап

    Салық заңнамасына сәйкес 2016 жылдан бастап механикалық көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркеу кезінде алым төлеу көзделген. Осылайша, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 615-бабының 4-тармағына сәйкес механикалық көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркегені үшін алым мөлшерлемесі бекітілді. Сонымен қатар, машина жасау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі болып табылатынын, яғни осы салада жүргізіліп жатқан саясатты осы мемлекеттік орган айқындайды. Мөлшерлемелердің мөлшерін белгілеу немесе оларды өзгерту салалық уәкілетті мемлекеттік органдар, бұл жағдайда – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ұсынатын негізделген ұсыныстар негізге алына отырып жүргізіледі. Мысал: Қазақстан Республикасының азаматы жаңа жеңіл автокөлік сатып алып, оны бастапқы мемлекеттік тіркеу үшін уәкілетті органға жүгінді. Ресімдеу кезінде оған Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 615-бабының 4-тармағына сәйкес механикалық көлік құралын бастапқы тіркегені үшін алым төлейді. Азамат осы алымды төлеуден босату мүмкіндігі туралы сұрақпен жүгінді. Жауап: Қолданыстағы салық заңнамасында жеке тұлғаларды аталған алымды төлеуден босату көзделмеген. Бұл ретте мөлшерлемелерді өзгерту не жеңілдіктерді енгізу машина жасау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның — Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің негізделген ұсыныстары негізінде ғана мүмкін болады.

    Сұрақ

    Қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлар тізбесіне жабдықты қосуға жол беріле ме?

    Жауап

    Жаңа Салық кодексінің 508-бабының 1-тармағына және 509-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында өндірілмейтін импортталатын тауарларға ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төлеу көзделген (ҚҚС-тан босатуға ұқсас). Көрсетілген тауарлардың тізбесі және оны қалыптастыру тәртібі «Қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 1199 қаулысымен бекітілген. ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін қалыптастыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) 5-тармағына сәйкес ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарға мынадай мәліметтер қоса беріледі: 1) экономиканың тиісті саласын басқару мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның тізбені өзгерту және (немесе) толықтыру қажеттілігі және тізбеге қосуға ұсынылып отырған тауарға Қазақстан Республикасының жылдық қажеттілігі (нақты көлемі) туралы; 2) экономиканың тиісті саласын басқару мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының аумағында ұқсас тауарлар өндірісінің жылдық көлемі (нақты көлемі) туралы немесе мұндай өндірістің болмауы туралы; 3) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, тізбеге қосуға ұсынылып отырған тауардың құны (тауардың 1 бірлігіне теңгемен). Осылайша, Қағидаларға сәйкес экономиканың тиісті саласын басқару мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлар тізбесіне толықтырулар енгізуге бастамашылық жасау мүмкіндігі бар. Мысал: «Бета» ЖШС 2026 жылы өндірісті жаңғырту үшін өнеркәсіптік жабдықты (мамандандырылған станок) импорттауды жоспарлап отыр. Бұл жабдық Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейді, құны жоғары (бірлігіне 150 000 000 теңге). Бұл ретте аталған жабдық ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлар тізбесіне енгізілмеген. Сұрақ: ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төлеу тетігін қолдану үшін осы жабдықты тізбеге қалай қосуға болады? Жауап: «Бета» ЖШС тиісті ұсыныспен салалық министрлікке ( мысалы, өнеркәсіп саласындағы уәкілетті органға) жүгінеді. Уәкілетті орган: ұсынылған деректерді талдайды; отандық өндірістің болмауы; Тізбеге өзгерістер енгізу туралы ұсынысты қалыптастырады және жібереді. Ұлттық экономика министрлігінің келісімін алады және Үкімет қаулысының тиісті жобасын әзірлейді. Қазақстан Республикасының Үкіметі өзгерістер бекіткеннен кейін жабдық тізбеге енгізіледі.

    Сұрақ

    2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған шарттарды орындау кезінде, қосылған құн салығының 16% мөлшерлемесі қалай қолданылады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Салық кодексі 503-бабының 1) тармақшасына сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 16% мөлшерінде ҚҚС базалық мөлшерлемесі белгіленгенін атап өтеміз. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 460-бабына сәйкес тауарды жеткізу жөніндегі міндеті көзделсе тауарды жеткізуді жүзеге асыратын тұлғаға тауар берілген күн немесе тауар өнім берушінің көлік құралына тиелген күн тауарларды өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады. Егер тауарды жеткізу жөніндегі міндеті болмаса тауарды беру туралы құжатқа қол қойылған күн немесе сатып алушының билігіне тауар берілген күн тауарларды өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады. Жұмыстарды орындау, көрсетілетін қызметтерді іске асыру күні болып: орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінде; орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжатта (шот-фактурадан басқа ) көрсетілген қол қою күні танылады. Осылайша, 16% мөлшеріндегі ҚҚС мөлшерлемесі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт көлеміне қолданылады. Сонымен қатар, жаңа Салық кодексінің ережелерінде ұзақ мерзімді шарттар шеңберінде 12% мөлшерінде ескі салық мөлшерлемесін қайта есептеу немесе өзге де қолдану мүмкіндігін көздейтін өтпелі нормалар жоқ. Осылайша, ұзақ мерзімді шарттарды іске асыру шеңберінде 2026 жылы шарт жасалған күнге қарамастан 16% мөлшерінде ҚҚС мөлшерлемесі қолданылатын болады. Мысал: «Альфа» ЖШС тапсырыс берушімен 2025 жылғы 15 қарашада тауарларды жеткізу шартын жасасты. Шарттың жалпы құны 10 000 000 теңгені құрайды (ҚҚС есептемегенде). Шарт талаптарына сәйкес: тауарды жеткізу 2026 жылғы 10 ақпанда жүзеге асырылады; төлем 2026 жылдың 20 ақпанында жүзеге асырылады. Сұрақ: Осы шартты іске асыру кезінде ҚҚС мөлшерлемесі қандай? Жауап: 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген 2025 жылғы 18 шілдедегі жаңа Қазақстан Республикасының Салық кодексінің ережелеріне сәйкес ҚҚС мөлшерлемесі 16%-ды құрайды. Бұл ретте 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған шарттар бойынша бұрын қолданыста болған 12% ҚҚС мөлшерлемесін қолдануға мүмкіндік беретін өтпелі ережелер көзделмеген. Шарт 2025 жылы жасалғанына қарамастан, міндеттемелерді нақты орындау (жеткізу және төлеу) 2026 жылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты 16% ҚҚС мөлшерлемесі қолданылады. Есептеу: Тауардың құны (ҚҚС-сыз): 10 000 000 теңге, ҚҚС 16%: 1 600 000 теңге, ҚҚС есебімен жиынтық сома: 11 600 000 теңге.

    Сұрақ

    Көлемі айлық есептік көрсеткіштің 700 000 еселенген мөлшерінен асатын өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары қандай нормаларға сәйкес жоспарланады?

    Жауап

    Министрлік 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бұйрығымен бекіткен Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидалардың (бұдан әрі – Қағидалар) 217-218-тармақтарында көрсетілген ерекшеліктерді қолданбай, көлемі айлық есептік көрсеткіштің 700 000 еселенген мөлшерінен асатын өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары Қағидалардың 2 және 3-тарауларына сәйкес жалпы тәртіппен жоспарланады. Бұл ретте, егер өндірістік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі МЖӘ жобасы АЕК-тің 700 000 еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, жоспарлау Қағидаларда белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асырылуы мүмкін (мысалы, Ведомствоаралық жобалау топтарын құру талап етілмейді; конкурс өткізу туралы ақпаратты орналастыру мерзімі – кемінде күнтізбелік 30 күн бұрын; бір және одан көп өтінім болған кезде конкурсты өтті деп тану ).

    Сұрақ

    Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру көлемі айлық есептік көрсеткіштің 700 000 еселенген мөлшеріне дейін шектеледі ме?

    Жауап

    Министрлік 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бекіткен Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 217-218-тармақтарында өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жобаларын жоспарлау және іске асыру белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асырылатын шарттар айқындалған (мысалы, Ведомствоаралық жобалау топтарын құру талап етілмейді; конкурс өткізу туралы ақпаратты орналастыру мерзімі - кемінде күнтізбелік 30 күн бұрын; бір және одан көп өтінім болған кезде конкурсты өтті деп тану ). Ерекшеліктерді қолдану шарттарының бірі 700 000 еселенген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінен аспайтын көлемде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым (коммуникациялардың барлық түрлеріне) құру (реконструкциялау) болып табылады. Бұл ретте көрсетілген шекті мәннен асқан кезде МЖӘ жобалары Қағидалардың 2 және 3-тарауларында көзделген жалпы тәртіппен көрсетілген ерекшеліктерді қолданбай жоспарланады. Осылайша, өндірістік инфрақұрылымды дамыту бойынша МЖӘ жобаларын іске асыру АЕК 700 000 еселенген көлемімен шектелмейді.

    Сұрақ

    Жосықсыз әлеуетті жекеше әріптестердің тізбесін кім және қандай негіздер бойынша жүргізеді және қалыптастырады?

    Жауап

    «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 20-бабының 10) тармақшасына сәйкес, жосықсыз әлеуетті жекеше әріптестердің тізбесін (бұдан әрі - Тізбе) соттардың заңды күшіне енген шешімдері негізінде Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) жүргізеді және қалыптастырады (Мысалы, біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпарат ұсынылған жағдайда әлеуетті жекеше әріптесті жосықсыз деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде). Тізбеге енгізу үшін ақпаратты Министрлікке Конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы ұсынады. Ұйымдастырушы Министрлікке осындай шешімдерді алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде заңды күшіне енген сот шешімдерін кейіннен Министрлік Тізбені интернет-ресурста орналастыру үшін жібереді.

    Сұрақ

    Табиғи монополиялар субъектісінің тарифтік сметасының орындалу есебін қалай қарайды?

    Жауап

    Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген) 44 және 45 тармақтарына сәйкес табиғи монополиялар субъектінің бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есебіне талдауды уәкілетті органның ведомствосы (ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аумақтық департаменттері) келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімде жасайды. Егер табиғи монополиялар субъектінің бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есебін қарау кезінде қосымша ақпарат қажет болса, уәкілетті органның ведомствосы (ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аумақтық департаменттері) бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімді белгілей отырып, жазбаша түрде сұратады. Бұл ретте бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы табиғи монополиялар субъектінің есебіне талдау жасау мерзімі субъектіні бұл туралы хабардар ете отырып, қажетті ақпарат алғанға дейін тоқтатыла тұрады. Уәкілетті орган ведомствосы (ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аумақтық департаменттері) табиғи монополиялар субъектінің тарифтік сметасының орындалуы туралы есебін талдау жүргізу жолымен қарайды және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 24-нысан бойынша тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті қарау нәтижелері туралы қорытындыны қалыптастырады. Мысал:«Ноунейм» ЖШС тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті 2026 жылдың 30 сәуірінде ұсынды, сондықтан талдау жүргізудің соңғы мерзімі 2026 жылдың 28 шілдесін құрайды. Сонымен қатар, уәкілетті орган «Ноунейм» ЖШС-не жазбаша сұрау салуды жолдаған кезде талдау жүргізу мерзімі қажетті ақпаратты алғанға дейін тоқтатыла тұрады.

    Сұрақ

    Бәсекелес кірме жол болмаған кезде табиғи монополия субъектілері кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне қолжетімділік қалай ұсынылады?

    Жауап

    Бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тең қолжетімділікті қамтамасыз ету тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 14 тамызда № 19242 болып тіркелген) белгіленген. Аталған Қағидалардың 243-249-тармақтарына сәйкес: -тұтынушылар бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін қозғалыс, техникалық құралдар мен жылжымалы құрам қауіпсіздігін қамтамасыз ету шартымен уәкілетті орган бекіткен реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгі шарттары негізінде пайдаланады; - кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін пайдалану құқығын алу үшін тұтынушылар табиғи монополия субъектісіне екі данада жазбаша өтініш жібереді. Өтінішті табиғи монополия субъектісі өтініштің келіп түскен күні мен уақытын көрсете отырып тіркейді, бұл ретте мөртабаны бар тіркелген өтініштің бір данасы тұтынушыға беріледі; - табиғи монополия субъектісі нөмірленуге және тігілуге тиіс тұтынушылардың өтініштерін тіркеу журналын жүргізеді. Тұтынушылардың өтініштерін тіркеу журналында өтініштің келіп түскен күні мен уақыты, сондай-ақ тіркеу нөмірі тіркеледі; - тіркеуден бас тартуға, өтініштердің түскен күні мен уақытын, сондай-ақ олардың тіркеу нөмірлерін бұрмалауға жол берілмейді; - табиғи монополия субъектісінің өтініштерді қарауы олардың түсу кезектілігіне сәйкес ретімен бес сағат ішінде жүргізіледі; - бір мезгілде қанағаттандырылуы кірме жолдың өткізу қабілетімен шектелген бірнеше өтініш бір күнде келіп түскен кезде кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсету өтініш түскен уақыттан бастап жеті сағат ішінде тұтынушыны жазбаша хабардар ете отырып, кірме жолдың техникалық және технологиялық мүмкіндігіне қарай мәлімделген көлемдерге барабар орташа өлшемді қағидат бойынша жүзеге асырылады; - тұтынушы кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінен бас тартқан жағдайда табиғи монополия субъектісі кірме жолдардың қызметтерін кезек бойынша өтінішті ұсынған келесі тұтынушыға ұсынады. Мысал: Тұтынушы (жүк жөнелтуші) табиғи монополия субъектісіне кірме жолға қол жеткізу үшін екі дана жазбаша өтініш жолдайды. Өтініш нақты күні мен уақыты көрсетіле отырып тіркеледі, ал мөртаңба басылған бір данасы тұтынушыға қайтарылады. Бұл жалғыз өтінім болғандықтан, субъект оны бес сағат ішінде қарастырады және қозғалыс қауіпсіздігі мен техникалық жағдай талаптары сақталған жағдайда үлгілік шарт негізінде рұқсат береді.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.