Жаңа Бюджет кодексі (бұдан әрі – БК) шеңберінде мынадай шаралар көзделген:
- Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің (бұдан әрі – КТ) мөлшерін және республикалық бюджет шығыстарының өсу қарқынын шектейтін бюджеттік қағидаларды қатаң сақтау міндеттілігі, сондай-ақ ауытқулар кезінде (дағдарыс, төтенше жағдайлар және Ұлттық қордан нысаналы трансферт
(бұдан әрі – НТ)тартылған жағдайларда) іс-қимыл алгоритмі регламенттелген.
Соңғы жылдары бюджеттік ережелерді жоспарлы қолдану республикалық бюджет шығыстарының өсу қарқынын тұрақтандыруға мүмкіндік берді: алдыңғы жылдары 121%-дан 2024 жылы 105-109%-ға дейін, сондай-ақ КТ көлемін 2022 жылы 4,03 трлн-нан 2024-2025 жылдары 2 трлн теңгеге дейін төмендетуге мүмкіндік берді. 2026 – 2028 жылдарға КТ бөлу жыл сайын 2,8 трлн теңге мөлшерінде жоспарланады (кесу бағасының параметрлері бойынша есептелген белгіленген лимитке сәйкес келеді), осы жылдарға НТ бөлу көзделмеген.
2.Ұлттық қордан НТ бөлу өлшемшарттары мен тәртібі күшейтілді. Ұлттық қордан НТ жіберу ҚР Президенінің шешімі бойынша және қаржыландырудың баламалы көздері болмаған кезде әлеуметтік-экономикалық табысы жоғары, аса маңызды объектілер мен жалпы ел үшін маңызы бар жобаларды қаржыландыру ғана жүзеге асырылатын болады. Жобаларды аса маңызды объектілерге немесе жалпы ел үшін маңызы бар жобаларға жатқызу өлшемшарттары айқындалған.
Анықтама ретінде: Аса маңызды объектілерге мыналар жатады:
1) қызметін авариялық тоқтату жаһандық немесе өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соғуы мүмкін объектілер;
2) ұзақ мерзімді перспективада экономикалық өсу орталықтарының әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін жалпымемлекеттік инфрақұрылымдық объектілер;
Жалпы ел үшін маңызы бар жобаларға мыналар жатады:
1) кемінде екі облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың экономикалық дамуын қамтамасыз ететін объектілер;
2) белгілі бір саладағы біртекті жобаларды ел ауқымында біржолғы іске асыру жолымен міндеттерді белгіленген мерзімдерде шешуге бағытталған объектілер.
- Үкімет ҚР Ұлттық Банкімен және ҚР Жоғары аудиторлық палатасымен бірлесіп Ұлттық қор қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын жалпы ел үшін маңызы бар жобаларға (олардың бағалауын қоса алғанда) Сараптама жүргізудің және қаржыландырудың баламалы көздерін қараудың жаңа қағидаларын әзірледі (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 2 мамырдағы № 303 қаулысы). Осы Қағидаларды қабылдау оның қаражатын жалпы қосылған құны жоғары жобаларды іске асыруға жұмсауға мүмкіндік береді. Сараптама қорытындыларымен жобалар ҰҚБК қарауына жатады. Олар бойынша түпкілікті тізбе ҚР Президентінің Жарлығымен бекітіледі.
4.Нормативтік-құқықтық регламенттеуді күшейту мақсатында қаржыландырылуы Ұлттық қор есебінен көзделген жобалар мемлекеттік инвестициялық жобалардың (бұдан әрі – МИЖ) құрамына енгізілді. МИЖ-мен қамтуды кеңейту оларға бюджеттік инвестициялық жобаларға ұқсас сараптама жүргізудің қолданыстағы әдіснамасын таратуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ жобаның орындылығы мен тиімділігі туралы шешімдер қабылдау үшін жобалардың экономикаға қосқан үлесін бағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Есептік деректер негізінде инвестициялық жобаларды сапалы іріктеу шешім қабылдау кезінде субъективтілікті болдырмауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, БК шеңберінде мемлекеттік инвестициялық жобалардың мониторингі күшейтілді, олардың қатарына Ұлттық қор есебінен қаржыландырылатын жобалар кіреді.
Анықтама үшін: Мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингі:
1) Мемлекеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы мен нәтижелері туралы ақпаратты жинау және өңдеуді;
2) Мемлекеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы мен нәтижелері туралы есептерді ұсынуды көздейді.
Бұл жобаның тиімсіз іске асырылуына уақтылы ден қоюға және жедел шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
5.Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың нысаналы, заңды және тиімді пайдаланылуына мониторингті жүзеге асыру мақсатында ҚР Президентінің шешімі бойынша Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың жұмсалуын мониторингтеу жөніндегі комиссия құрылды және жұмыс жасайды.
Осылайша, жоғарыда аталған шараларды іске асыру Ұлттық қор активтерін сақтауға, оның ішінде алып қоюды шектеу және Қордың толымдылығын арттыру, сондай-ақ Ұлттық Қорды басқару сапасын арттыру есебінен нысаналы бағдарға қол жеткізуге ықпал етеді
Мысалы, Қазақстан Республикасының Үкіметі бірнеше өңірді электр энергиясымен қамтамасыз ететін маңызды энергетикалық нысанды жөндеу үшін Ұлттық қордан қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыруда. Қаражат бөлінбес бұрын жоба белгіленген критерийлерге сәйкестігіне тексеруден өтеді.