
Ағымдағы жылдың 11 маусымында, облыстық мәслихаттың депутаттық корпусы жазғы мектеп жанындағы лагерьлердің жұмысын бақылау мақсатында кезекті мониторинг жүргізді.
Бірнеше күн бойы жүзеге асырылып жатқан мониторинг барысында лагерьлердегі балалардың демалысын ұйымдастыру деңгейі, қауіпсіздік талаптарының сақталуы, санитарлық жағдай, тамақтандыру сапасы, тәрбиелік және танымдық іс-шаралардың мазмұны жан-жақты зерделенуде. Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – балалардың жазғы демалысын қауіпсіз, пайдалы әрі мазмұнды өткізуді қамтамасыз ету, олардың денсаулығын нығайтуға және жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау.
Мониторинг нәтижелері бойынша анықталған мәселелер мен ұсыныстар тиісті мекемелерге жолданып, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру сапасын одан әрі жетілдіруге бағытталған нақты шаралар қабылданатын болады.
Депутаттық корпус өскелең ұрпақтың қауіпсіздігі мен сапалы демалысын қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстап, бұл бағыттағы жұмыстардың тиімді жүзеге асырылуына ерекше көңіл бөлуде.



