ТАЗА АУЫЛ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

    turkestan-otyrar-timur·
    ТАЗА АУЫЛ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

    Бүгін Темір ауыл округінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылып, ауылдың санитарлық тазалығын сақтау және абаттандыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды.

    Сенбілік барысында Жібек жолы даңғылы мен М.Әлиев көшесі бойында ретсіз өскен шөптер шабылып, көше маңындағы аумақтар ретке келтірілді. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде ауыл тұрғындарына жайлы әрі таза орта қалыптастыруға тағы бір қадам жасалды.

    «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, елді мекеннің санитарлық жағдайын жақсарту мен абаттандыру бағытындағы іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілетін болады.

    Туған жердің тазалығы – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Сондықтан қоршаған ортаны таза ұстау арқылы ауылымыздың көркеюіне бірге үлес қосайық!

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.