Алматы қаласының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандар арасында жазғы спартакиада өткізілуде

    Алматы қаласының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандар арасында жазғы спартакиада өткізілуде

    Алматы қаласының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандар арасында жазғы спартакиада аясында шахматтан турнирлер өткізілді.

    Спорттық іс-шара зияткерлік қабілеттерді дамытуға, стратегиялық ойлауды қалыптастыруға, сондай-ақ сотталғандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған. Шахмат ойыны төзімділікке, тәртіпке тәрбиелеп, салмақты шешім қабылдау дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

    Турнирге Алматы қаласы Спорт басқармасының «№8 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв спорт мектебінің» аға жаттықтырушысы Саумин Мұханов қатысып, қатысушылардың ойынға деген жоғары қызығушылығын және дайындық деңгейінің жақсы екенін атап өтті.

    Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен марапатталды. Осындай іс-шараларды өткізу сотталғандардың әлеуметтік бейімделуіне және салауатты өмір салтын насихаттауға оң әсерін тигізеді.

    Сондай – ақ, кәмелетке толмаған сотталған жасөспірімдерді ұстауға арналған №11 мекемеде ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған шеберлік сағаты өтті.

    Іс-шара барысында «Аманат» партиясының мүшесі, Алматы қалалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Руслан Калиоллаев мекемеге тоғызқұмалақ тақталарын сыйға тартып, жасөспірімдерді ұлттық ойынды меңгеруге шақырды.

    Тәжірибелі жаттықтырушылар тоғызқұмалақтың тарихы мен ерекшеліктері туралы айтып, қатысушыларға ойынның негізгі қағидаларын түсіндірді. Сондай-ақ жасөспірімдермен тәжірибелік ойындар өткізіліп, олардың қызығушылығын арттыруға мүмкіндік жасалды.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.