
Балалардың құқықтарын қорғау - мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Сондықтан олардың қауіпсіздігі, білімі мен бақытты балалық шағын қамтамасыз етуге әрдайым ерекше назар аударылады.
Осыған байланысты, қала прокуратурасы балаларға қуаныш сыйлау жән бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Шаңырақ» балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кинотеатрға баруды ұйымдастырды.
Іс-шара барысында балалар қызықты фильм тамашалап, көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды әсер алды.
Сонымен қатар, екі тәрбиеленушінің туылған күні аталып өтілді.
Балалардың жүзіндегі шаттық пен шынайы эмоция біз үшін ерекше маңызды. Әрбір баланың қуанышы - біз үшін үлкен мәнге ие.
Балалардың қатысуымен өтетін қайырымдылық және мәдени шаралар прокуратурамен алдағы уақытта да жалғасын табады.
Атырау қаласының прокуратурасы



