
Ол аға тергеуші полиция майоры Мақсат Дүйсембаев пен аға жедел уәкілі полиция капитаны Мейрам Темірбековке шынайы ризашылығын жеткізді.
– Бұған ұрлық қылмысының ашылуы себеп болды. Тимирязев ауылындағы тұрғын үйден белгісіз адамдар ақшалай қаражатымды ұрлап кеткен еді. Мен бірден полицияға жүгіндім. Өтінішімді қабылдағаннан кейін полиция қызметкерлері дереу іздестіру жұмыстарын бастады. Жедел уәкіл мен тергеушінің үйлесімді әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында қылмысқа қатысы бар адам қысқа мерзім ішінде анықталды. Ұрланған барлық ақша маған толықтай қайтарылды. Әрбір адам үшін қиын жағдайда қорғанысқа ие екенін және көмекке сене алатынын білу маңызды. Қызметтеріңізге және жедел әрекеттеріңіз үшін үлкен рақмет, – дейді Денис Тиссен.
Полицияда атап өткендей, азаматтардан келіп түсетін кері байланыс пен осындай шынайы бейнеүндеулер тәртіп сақшылары үшін ерекше құнды. Олар жеке құрамды жігерлендіріп, әділдіктің орнайтынын дәлелдейді.



