
Тергеушілер зорлық жасағандар мен кісі өлтірген адамдарға көзбе-көз қарап, түнгі және демалыс күндері қызметте жүріп, өмірін тәуекелге тігіп зор жауапкершілік мойындарына алады. «Тергеуші болу немесе болмау?» – деген сұраққа әр жас тергеуші адал жауап беруі керек.
– Тергеу органдарындағы жұмыс шындығында әркімге арналмаған. Ауыр қылмыстар, көп құжат ағыны, арнайы контингент. Жас қызметкердің қызметте түнейтін жағдайы қалыпты саналады. Мұндай кәсіби жұмыс өмірде ең басты нәрсе – өзін-өзі шыңдауды үйретеді. Біздің жұмысымыз тек қылмыстарды ашуға ғана емес, адамдардың тағдырлары, қоғамның заңға сенімі және мемлекеттегі әділеттіке байланысты, – дейді полиция подполковнигі Альмира Курамысова.
Офицер тергеу бөлімінде 20 жылдан астам қызмет атқаруда. Подполковник шенінде Май ауданы полиция бөлімінде қызмет етеді.
– Тергеуші процессуалдық шешімдер қабылдайды, дәлелдерді жинайды және талдайды, сұрақ-жауап өткізеді, сараптама тағайындайды және істі сотқа жіберуге дайындайды. Біздің практикада жас адамдар үшін маңызды өмірлік сабақ болатын оқиғалар да кездеседі. Ең есте қалған іс – мал ұрлығы бойынша қылмыстық іс. Күдікті – 19 жастағы жас жігіт. Көп сөйлемей, ұзақ ойланды, байланысқа шықпай, өкінішін білдірді. Тергеу барысында оның қылмысқа ақша тапшылығынан барғаны анықталды. Жас жігіт тез ақша тауып, қаржылық мәселесін шешіп, отбасын құрмақ болған. Кейін ол «іс жасамас бұрын ұзақ ойландым, бәрін есептедім, бұл бір реттік қадам ғой, бұдан әрі заң бұзбаймын деп өзіме уәде бердім» деп мойындады. Ұсталған сәтте «Жұмысқа тұру керек еді!» – дегенін есіне алды тергеуші Курамысова.
Ол өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісінің барлық мән-жайын баяндады. Сол сәтте жас жігіт мақсат ақталып, салдары болмас деп ойлаған. Бірақ шындық басқаша болды.
Үйленуге және жаңа өмірге дайындалудың орнына ол сот отырысында отырып бірнеше жылға бас бостандығынан айырылды.
Тергеуші Альмира Төлеұханқызы бұл оқиғаны бір қате шешімнің салдары ретінде атап көрсетеді. Қаржылық қиындықты заңсыз жолмен тез шешу ниеті болашақ жоспарларды жоққа шығарып, жас адамның тағдырын бұзды және өмірбаянында ауыр із қалдырды. Негізгі қорытынды қарапайым: өмірлік қиын жағдайда да тек заңды шешім қабылдау маңызды. «Жылдам» және заңсыз табыс табуға талпыныс көбінесе ертеңгіде ауыр шығынға – бостандыққа, беделге және болашаққа әкеледі.
– Құпия әрі қызықты іске кіріскенде, жан дүниеде үйлесім орнайды. Мені қылмысты шешу, мотивін анықтау, күдіктіні сұрау қызықтырады. Мен қызметке жалақы үшін емес, толық баурайтын қызықты істі орындау үшін келдім, ол әр адамның ішіндегі жақсылық пен жамандықты түсінуге көмектеседі, – дейді тергеуші Курамысова.



