Алкоголь өнімдерін түнгі уақытта сатуға тыйым салу – қоғамдық қауіпсіздік мәселесі

    prokuratura-almaty-obl·

    Іле ауданының прокуратурасы түнгі уақытта алкоголь өнімдерін сататын сауда орындарын анықтау бойынша жұмыстарды үйлестіруді жалғастыруда.

    Бұл акцияға «Іле жастары» жастар қозғалысының өкілдері белсенді қатысуда.

    Белгілі болғандай, сағат 21:00-ден кейін күшті алкогольдік ішімдіктерді сатуға тыйым салынады.

    Соған қарамастан, жарты жыл ішінде алкоголь өнімдерін заңсыз сатудың 74 дерегі анықталып, кінәлі тұлғалар заңда көзделген жауапкершілікке тартылды.

    Сонымен қатар, атқарылып жатқан жұмыс оң нәтижелерін беруде.

    Бұрын рейдтік іс-шаралар барысында 10-ға дейін құқық бұзушылық фактісі анықталса, қазіргі уақытта олардың саны 1–2 жағдайға дейін азайды.

    Қабылданған шаралардың тиімділігін елді мекен тұрғындары да атап өтуде.

    Бұл бағыттағы жұмыстар белсенді түрде жалғасатын болады.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.