Шымкентте есірткі насихатына қарсы жұмыс күшейтілді

    prokuratura-shymkent·

    Шымкент қаласында «Заң мен тәртіп» қағидаты және «Нашақорлыққа жол жоқ» республикалық акциясы аясында есірткі қылмысының алдын алуға және жастар арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған профилактикалық іс-шара өткізілді.

    Акцияға прокуратура, полиция қызметкерлері, әкімдік өкілдері, жастар, еріктілер және қоғам белсенділері қатысты.

    Іс-шара барысында қатысушылар есірткі құралдарын насихаттау белгілері бар жазбаларды өшіріп, қала тұрғындарын мұндай фактілер бойынша құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырды.

    Жастар арасындағы профилактикаға, қоғамдық бақылауды күшейтуге және мемлекеттік органдардың тұрғындармен өзара іс-қимылына ерекше назар аударылуда.

    Қала прокуратурасы тұрғындарды мұндай жағдайларда бейжай қалмай, қауіпсіз қала ортасын қалыптастыруға өз үлестерін қосуға шақырады.

    Шымкент қаласының прокуратурасы

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.