
Қызылорда қаласы Полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесі мен отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері С.Ысқақов атындағы бизнес және сервис колледжінде ата-аналар жиналысына қатысты. Кездесу барысында жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ полицейлер интернет алаяқтықтың кең таралған түрлеріне тоқталып, алаяқтардың арбауына түспеу жолдары мен жеке деректердің қауіпсіздігін сақтау жөнінде маңызды ақпараттар берді. Құқықтық сауаттылық пен ата-ана бақылауы – жасөспірімдердің қауіпсіз болашағының кепілі.



