Жиі қойылатын сұрақтар

    kgd-kyzylorda·

    Базалық салықтық шегерім деген не? Оны қалай қарапайым сөзбен түсіндіруге болады? Қандай жағдайда базалық шегерім қолданылмауы мүмкін? Бұл шегерім кімге беріледі – барлығына ма, әлде белгілі бір санаттарға ғана ма?

    2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ЗРК Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 403-бабына сәйкес, базалық салықтық шегерім сәйкес қаржылық жылдың 1 қаңтарындағы айлық есептік көрсеткіштің 30 еселенген мөлшерін құрайды және әрбір күнтізбелік айға қолданылады. Күнтізбелік жылдағы базалық салықтық шегерімнің жалпы сомасы сәйкес қаржылық жылдың 1 қаңтарындағы айлық есептік көрсеткіштің 360 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.

    Қарапайым сөзбен айтқанда, есептелген салық салынатын сомадан әр айда 129 750 теңге шегеріледі, ал қалған сомадан 10% мөлшерінде жеке табыс салығы есептеледі. Бұл шегерім өз атауына сәйкес, жалақы алатын барлық жеке тұлғаларға қолданылатын бірыңғай шегерім болып табылады.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.