ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС – ЖАРҚЫН ЕСТЕЛІКТЕР БАСТАУЫ

    ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС – ЖАРҚЫН ЕСТЕЛІКТЕР БАСТАУЫ


    Ордабасы ауданында оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Бүгін аудан орталығынан 300 бала Төлеби ауданындағы Керегетас ауылында орналасқан «Таугүлі» жазғы сауықтыру лагеріне салтанатты түрде аттанды.
    Жазғы сауықтыру лагеріне Амангелді, Ш. Уәлиханов, Темірлан, Бәйтерек, С. Нұрмағамбетов, Н. Оразбаев және Ақбастау жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары жолдама алды. Балалардың қауіпсіз әрі жайлы жетуін қамтамасыз ету мақсатында 5 арнайы автобус ұйымдастырылып, тасымалдауға қойылатын барлық талаптар толық сақталды.
    Ауданда балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Осыған дейін Қараспан аймағындағы білім беру ұйымдарынан 250 оқушы сауықтыру лагерінде демалу мүмкіндігіне ие болған.
    Жалпы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына сәйкес әлеуметтік осал топ санатындағы 2000 оқушыны жазғы сауықтырумен қамту жоспарланған. Бұл балалардың денсаулығын нығайтып, бос уақытын мазмұнды өткізуге бағытталған маңызды әлеуметтік қолдау шараларының бірі.
    Аудан көлемінде өскелең ұрпақтың қауіпсіз, сапалы әрі пайдалы демалысын ұйымдастыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, жазғы маусым барысында өз жалғасын табатын болады.
    Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.