Қосшы қаласының мақтанышы – Азия чемпионы!

    aqmola-kosshy·
    Қосшы қаласының мақтанышы – Азия чемпионы!

    Қырғызстан Республикасының Ыстық-Көл демалыс аймағында қол күресінен Азия чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге Азия құрлығының бірқатар мемлекеттерінен келген үздік спортшылар қатысып, өзара мықтыны анықтады.

    Осы дүбірлі додада Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсеткен, «Қосшы қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің бас маманы Құралбек Рамазан Мейрамбекұлы 70 келі салмақ дәрежесінде жоғары шеберлік танытып, І орын иеленді.

    Жеңіс тұғырынан көрініп, Қазақстан Республикасының Әнұранын шырқатып, көк Туымызды биікке көтерген жерлесіміз ел абыройын халықаралық деңгейде тағы бір мәрте асқақтатты.

    Құралбек Рамазан Мейрамбекұлын жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да толағай табыстар мен жаңа белестер тілейміз!

    🇰🇿 Ел мерейі үстем болсын!
    🏅 Жеңістеріңіз көп болсын!

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.