Департаментте сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстарының қорытындылары шығарылды.

    Департаментте сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстарының қорытындылары шығарылды.

    📋 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстарының қорытындылары шығарылды.

    2026 жылғы 12 маусымда жұмыс тобының отырысы өтіп, оның барысында Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің 2025 жылдағы қызметіне жүргізілген талдау нәтижелері қаралды.

    Жүргізілген жұмыс аясында нормативтік құқықтық актілер, ұйымдастырушылық-басқарушылық үдерістер, мемлекеттік қызмет көрсету, рұқсат беру құжаттарын рәсімдеу мәселелері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштері зерделенді.

    Талдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктерін жетілдіруге, қызметтің ашықтығын арттыруға және Департамент жұмысында адалдық қағидаттарын нығайтуға бағытталған ұсынымдар әзірленді.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және азайту бойынша жұмыс мемлекеттік басқарудың ашықтығын, заңдылығын және тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында тұрақты негізде жалғасатын болады.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.